Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Белгілі актер Владимир Толоконников дүниеден озды

Бүгін түнде қазақстандық актер Владимир Толоконников дүниеден озды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

20170716103906

Қайғылы хабарды Ресей әртістерінің гастрольдерін ұйымдастырушы Константин Харалампидис хабарлады. Кейінірек бұл ақпарды «Қазақфильм» АҚ-ның баспасөз хатшысы Дмитрий Шишкин растады.

«Қайғылы жаңалық. Бүгін түнде ұзақ сырқаттан кейін Владимир Толоконников қайтыс болды. Қазір оны ақтық сапарға шығарып салу жұмыстарымен марқұмның досы, режиссер Константин Харалампидис айналысып жатыр. Әзірге нақты ақпарат жоқ, бірақ қоштасу рәсімі сейсенбі күні Мәскеудегі Кино үйінде өтеді деп күтілуде. Ал денесі Троекуровск зиратына жерленеді. Еліміздің талантты әртістерінің бірінің жатқан жері жайлы болсын”, – деді Дмитрий Шишкин.

Әртістің ұлы Иннокентий хабарласқан ресейлік ақпарат агенттіктеріне әкесінің көз жұмғанын растады. Владимир Толоконников 1943 жылы 25 маусымда Алматы қаласында дүниеге келген.

ҚазКСРО-ның еңбек сіңірген әртісі. 1973 жылы Ярославль театр училищесінің актерлік факультетін аяқтады. 1988 жылы «Собачье сердце» фильмінде Полиграф Полиграфович рөліy сомдағаннан кейін аса танымалдылыққа ие болды.

 

Талқылау