Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бекболат Тілеухан: Маған қазақ киносының 90 пайызы ұнамайды

Бекболат Тілеухан қазіргі қазақ киносына қатысты сын айтты. Қоғам қайраткеріне заманауи фильмдердің 90 пайызы ұнамайды екен.

Бекболат тілеухан

Бұл туралы “Астана” арнасының “Ел аузында” бағдарламасына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

“Қазақ киносының бүгінгі дені, жалпы 90 пайызы маған ұнамайды. Тапқырлық болса, кейде дәстүрлі білім жетіспей жатады. Қазақтың жанын түсінген адамдардың кәсіби шеберлігі жетпей жатады. Негізгі көздегендері шетелдің фестивальдеріне бағытталады, ал ішкі көрерменді ескермейді. Ал ішкі көрерменді ескерсе, кейбір ішкі заңдылықтары сақталмай қалатын осындай сындарды айтуға болады.

Екі баласы, бір әйеліне ақыл айта алмай отырып, қоғамға ақыл айтқан адамға, я болмаса өзінің өмірін жөнді жолға қоя алмай отырып, халықтың атынан сөйлеуге қақысы бар ма деген сұрақты қойсаңыз, сол адамның тұлғасына үңілсеңіз, түсінікті болады”, – дейді Тілеухан.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау