Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

BBC телеарнасы Шымкент туралы эпизод көрсетпек

Бағдарлама редакторы Алекс Рентон фильм түсру барысындағы ең әсерлі эпизодтар шырайлы Шымкент қаласында өткенін атап өтті.

1401356

Фото: Рамиль Ситдиков

Бұл туралы sputnik хабарлайды.

Британдық BBC телеарнасы “Top Gear” бағдарламасының Шымкент қаласы туралы эпизоды наурыз айында көрсетілімге шығады, деп хабарлады қала әкімдігінің ресми сайты.

Осыдан ілгері “Top Gear” түсірілім тобы  Шымкент қаласында болып,  танымал шоудың жаңа сериялының  көрінісін түсірген болатын. “Түсірілім өте  табысты  өтті”, — деген  бағдарлама редакторы Алекс Рентон осы сәтті сапар үшін Шымкент мэрі Ғабидолла Әбдірахымовқа алғыс хат жолдады. Ол фильм түсру барысындағы ең әсерлі эпизодтар Оңтүстік Қазақстан облысында, оның ішінде шырайлы Шымкент қаласында өткенін, осы түсірілімге  қолдау көрсеткені үшін Шымкент қаласының әкіміне алғысын білдірді. “Top Gear” ең танымал британдық телеарна бағдарламаларының бірі болып табылады. Бұл бағдарлама 1977 жылдан бастап шығарыла бастаған. 350 миллионнан астам ресми аудиториясы бар. Эфирдегі көрсетілім  ұзақтығы — шамамен 60 минут. Құрылғаннан бері “Эмми” және тағы басқа телевизиялық марапаттардың иегері.

“2020 жылға қарай, Шымкент тұрғындар мен туристер үшін тартымды,  ыңғайлы қала болуы тиіс. Бұл біздің қаламыздың дамыту тұжырымдамасының басты  мақсаты болып табылады. Біз үшін “Top Gear”  әуелі  тұтастай алғанда ерімізді, оның ішінде Шымқаламызды  халықаралық аудитория назарын аудартуға тамаша мүмкіндік  болып табылады. Біз аталған бағдарлама тобының Шымкентті түсірілім алаңы ретінде таңдағаны үшін алғысымызды бірдіреміз” — деп хабарлайды қалалық әкімдігінің баспасөз қызметі.

Жіберіп алмаңыз:

7 жасар қырғыз баласы апаттан қаза болған отбасын соңғы сапарға шығарып салды (видео)

Пәкістанда анасы өзінің туған қызын тірідей өртеп жіберді

Дональд Трампты ұлықтау рәсіміне екі күн қалғанда сотқа берді

Талқылау