Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Базарда ұрысып қалған ата-анасы сәбиін тастап кетіп қалған

Бангкок тұрғындары түнгі уақытта базардан көрпеге оралған нәрестені тауып алды. Ата-анасы сол жерде ұрысып қалып, оны тастап кеткен екен.

Базарда ұрысып қалған ата-анасы сәбиін тастап кетіп қалған

Бұл туралы Daily Mail басылымына сілтеме жасап Stan.kz.

Бангкок қаласының тұрғындары түнгі сағат 11-лердің шамасында полицияға хабарласып, базардан жылап жатқан сәбидің даусы естілетінін айтқан. Сол жерге келген полицейлер сөрелердің бірінде жатқан сәбиді көріпті. Бұл уақытта базарда саудагерлер болмаған. Сондықтан ол айқайлап жыламайынша, оны ешкім байқамаған көрінеді.

Ата-анасы баласын тастап кетерде көрпеге орапты. Ал жанында бөтелке, жөргек және де сәбидің күтіміне керек басқа да заттары бар пакет болған.

Куәгерлердің айтуынша,олар базардан айқайлап ұрысып жатқан ерлі-зайыптыны көріпті. Олардың бірі сәбиін көтеріп тұрған. Болжам бойынша, ата-анасы ұрысып қалып, сәбиден құтылуды ұйғарған.

Қазіргі уақытта нәресте ауруханада жатыр. Оның өмірі мен денсаулығына қауіп төніп тұрған жоқ. Егер ата-анасы таяуда оны іздеп, байланысқа шықпаса, сәби балалар үйіне тапсырылады.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау