Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Базар дәретханасында дайындалған көжеден абай болыңыз

Әйгілі «Барахолка» базарында сатылып жүрген салқын  көжені газды сусыннан артық көріп, таңдап ішетіндер көп. Бірақ жұрт оның дайындалуын, тазалығын сатушының  ұятына сеніп тексеріп жатпайды.

көже

Ләззат Тоқмолдаева есімді қала тұрғыны базар дәретханасында көргенін желідегі парақшасында жазды. Оның сөзінше жұрттың ақысын төлеп, ауру сатып алып жүргені анық.

«Барахолка дəретханасына кіріп, мынандай көзбояушылықтың куәсі болдым.Бір апа қолындағы үлкен қол дорбасымен кірді де, ішінен бір кішігірім дорбасын шығарып, ішіндегі піскен арпаларын бір шелекке салды.Қайтер екен деп қарап қалдым.

Əлгі шелекке дəретханадағы қол жуатын шүмектен, қолындағы ожауымен су толтыра бастады. Сонан соң əлгі шикі су құйылған сумен, арпаны арлы берлі араластырып, үстіне бөтелкелердегі айрандарын құйды. Содан соң, əлгі қол дорбасынан арнайы мұздатылған бөтелкедегі мұздарын кір қожалақ бөтелкесімен шелегіне салды да, əлгі көжесін сатуға шығып кетті.

Бұл не масқара. Біріншіден қайнатылмаған дəретхананың шикі суы, екіншіден сырты кір қожалақ бөтелкедегі мұз. Сонда бұл қандай көже. Оны адамдар қып қызыл ақшасына стақанын 100 теңгеден алып ішеді. Оның үстіне дəретхана таза жер емес.Ондағы ішек құрт таяқшалары адам ағзасына түскен соң, не болмақ?»,-дейді желі қолданушысы.

Оқи отырыңыз:

АҚШ-та анасы 6 сағат салоннан шықпай қойған соң бір жасар қыз көлікте тұншығып көз жұмды

Ер адам жазықсыз өлім жазасына кесіліп 46 жылдан соң түрмеден ақталып шықты (фото)

Таңғы асқа 20 жұмыртқа, 8 нан: Жер бетіндегі ең ұзын адам жайлы не білесіз? (фото)

Қытай елі туралы таңғалдырарлық деректер жиынтығы (фото)

Талқылау