Байзақовамен суретке түскен Жігер Ауыпбаев елдің түсінбестігін туғызды

Жігер Ауыпбаев ерсі әрекеттерімен танылған Айжан Байзақовамен түскен суретін жариялап, желіде қызу талқыға түсті. Әнші атышулы бикешпен түскен суретінің астында адамды ойға жетелейтін әңгімесімен бөліскен, деп жазады Stan.kz.

Байзақовамен суретке түскен Жігер Ауыпбаев елдің түсінбестігін туғызды

“Жапон ғалымы түбі дымқылданған үш кесеге күріштің үш талын бөліп салып бір бөлмеге қояды. Және күніге келіп бірінші ыдысқа салынған күрішке неше түрлі жаман сөздерді айтады. Екінші ыдыстағы күрішке әдемі сөздерді айтып, мақтап мадақтайды. Ал үшінші ыдыста тұрған күрішке үндемей қояды екен.
Уақыт өте келе, нәтежиесінде әдемі сөздер арнаған кеседегі күріш өніп, көгере бастайды. Ешқандай сөз айтылмаған кеседегі күріш еш өзгерместен сарғайып кетеді. Ал неше түрлі жаман сөздер арналған кеседегі күріштің өңі қарайып кеткен екен. Сонымен не дегің келді? дейсіз ғой.

Қоғамға кері әсерін тигізетін дүние пайда болса не істеу керек?

1) БАҚ арқылы жариялау;
2) Тек жаман пікірлермен қуып шығу;
3) Үндемей қоя салу; Ойланып жауабын жазып көріңіз”, – дейді Жігер.

Желі қолданушылары Ауыпбаевтың сұрағына мән берместен, оны Байзақовамен түскен суреті үшін сынай жөнелді.

“Сізге мына қызбен түскен жараспайды”, “Баланың әкесі емессіз ба?”, “Жігер, мына фотоңыз енді ұят, сонда сіз мына қызды қолдайсыз ба? Сізді ел намысты, патриот, ақ пен қараны ажырата алатын қайсар жігіт деп ойлайды. Ал енді не ойламақ?”, “Бала сенен боп тұр ғой сонда”, “Жігер, өзіңнің не жазғаныңды да білмейсің ау… Табанында бүрі жоқ, солқылдақ, аударылып-төңкеріліп отырған дұрыс емес. Айжанды қолдайсың ба, қолдамайсың ба жігітше ашық жазуың керек еді. Быламық қылмай”, – деп пікір білдірген инста-оқырмандар.

Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Загрузка...
Орташа айырбас бағамы
16.12.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Соңғы жаңалықтар