Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Байзақова: Қыз тусам, мен сияқты болғанын қаламаймын

Айжан Байзақова болашақта қызды болып жатса, перзентінің өз әрекетін қайталағанын қаламайды. Алайда оған тым қатал қарамаймын, дейді бойжеткен. Есесіне қызымен сырлас болуға тырысатынын айтады.

Айжан байзакова
Бұл туралы блогер Аман Тасығанға берген сұхбатында айтты, деп жазады Stan.kz.

Журналистің “Болашақта тағы да ана атанып, қызды болып жатсаң, қызыңның дәл сенің әрекеттеріңді қайталағанын қалайсың ба?” деген сұрағына Айжан:

“Жоқ, қаламайтын шығармын”, – деп жауап берді.

“Бірақ ол жағынан қатал болмаймын. – Қалағаныңды істе, ең бастысы мен біліп отырайын, – деп айтамын. Қазірдің өзінде мен анама айтып отырамын, балаңмен дос болу керек. Ол жасырын түрде есірткі шегіп, ата-анасына айтпағаннан қарағанда айтқаны дұрыс деп санаймын. Сонда анасы оның проблемасын шешіп бере алады. Сол сияқты менің де қызым татуировка жасатқысы келсе: – Жасамай-ақ қойсаң қайтеді? Бірақ егер қатты қаласаң, кішкентай біреуін жасатайық, – деп айтар едім. Құдай сақтасын, бірақ ішімдік ішкім келеді десе, менімен бірге отырып іш дер едім. Яғни бәрін мен біліп, бақылап отыратындай болса деймін. Сол дұрыс сияқты.

Қазір неге жасөспірімдер арасында суицид көп? Өйткені біз ата-анамызға әлденені айтуға қорқамыз. Шындықты айтсам, анам өлтіреді, одан қайта барып асылып қалайын деп ойлайды. Бұл дұрыс емес. Жасөспірім балаларда проблема қашанда болады. Аборт жасату, баянсыз махаббат, т.б. Балалар осы туралы ата-аналарына айтпай, барып терезеден секіре салады”, – дейді Байзақова.

Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.

Талқылау