Байлық үшін: Туыстары қол-аяғында артық саусағы бар баланы құрбандыққа шалмақ

Үндістанда қолында 6 саусағы мен аяғында 6 башпайы бар бала мектепке бару мүмкіндігінен айырылды. Себебі оның туыстары баланы құдайлардың құрметіне құрбандыққа шалғысы келеді.

Байлық үшін: Туыстары қол-аяғында артық саусағы бар баланы құрбандыққа шалмақ

Бұл туралы India Today басылымына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

Мемлекеттің солтүстігіндегі Уттар-Прадеш штатының Барабанки қаласында тұратын баланың ата-анасы оның өмірі үшін алаңдағандықтан, мектепке жібермей отыр. Оның туыстары баланы өлтірген жағдайда, құдайлар мол байлыққа кенелтетіні туралы естіген. Сондықтан оны құрбандыққа шалғысы келеді екен.

«Біз оны мектепке жіберуден қалдық. Және полициядан көмек сұрадық», – дейді ата-анасы.

Өз кезегінде полиция офицері Умашанкар Сингх баланың білім алуына көмектесетінін айтты.

«Мен оның сауатсыз болып қалуына жол бермеймін. Оның отбасы кедейлікте тұрады. Сондықтан мен осы қызметте отырғандықтан, оның білім алуына қажет қаражатты өз мойныма аламын. Бізге шағым түсті, сондықтан мен бұл істің тергеуін әділ жүргізетін боламын», – дейді полиция офицері.

Полидактилия – аяқ-қолдың дамуындағы тұқым қуалайтын ауытқу. Ол адамдар, иттер, мысықтар мен жылқылар арасында кең таралған. Артық саусақтардың толыққанды болуы сирек. Әдетте олар жұмсақ тін түрінде болады.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Загрузка...
Орташа айырбас бағамы
18.09.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Соңғы жаңалықтар