«Байдың балалары» Димашқа пародия жасап жұртты күлдірді (видео)
Жайдарманның әзілкештері әлем елдеріне танылып үлгерген әнші Димаш Құдайбергенге пародия жасады.

Оңтүстіктің атынан шыққан «Байдың балалары» жоғарғы лиганың 1/8 финалында Димашқа пародия жасап, көрермендерді күлкіге қарық қылды. Әзілкештер сәлемдесу кезінде Димаштың «Singer-2017» байқауында шырқаған француз тіліндегі әнді қазақша орындап берді.
Қытайдағы «Singer-2017» байқауына қатысып жатқан отандасымыз Димаш Құдайберген алғашқы кезеңде француз тіліндегі «SOS d’un terrien en detresse» әнін орындап, қытайлық жанкүйерлерінің көңілінен шыққан еді.
Жіберіп алмаңыз:
Димаш Қытайдағы жетім балаларға көмектесті (фото)
Еміне 1,5 миллиард теңге қажет: Қазақстандық 7 жасар баланың бұлшықеттері әлсізденіп, жүруі қиындаған
Дәрігерлер қателесіп, 4 ай бойы баланы бауыр фиброзынан емдеген
Қазақстан әйелдерінің үйдегі тегін еңбегінің құны қанша: Есептеп көрдік
Оқырман: "Әйелдер де күнделікті тұрмыстан шаршайды, кейде демалып алғысы келеді"