Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Байбек: Алматыда қоғамдық көлік бағасы көтерілмейді

Алматыда қоғамдық көлік бағасы 150 теңгеге көтерілмейді, деді Алматы әкімі Бауыржан Байбек. Қала әкімі халықпен кездесу барысында әкімдік қоғамдық көлікті субсидиялау үшін айтарлықтай қаржы бөлгендерін айтты.

2018 жылы жеңілдігі бар 255 мың жолаушыға, сондай-ақ тасымалдаушылардың шығындарын өтеуге 15 миллиард теңге бөлінген.

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

«Қазір метрода бір рет қатынау құны 713 теңгені көрсетіп тұр. Ал қала тұрғындары үшін  80 теңге, жеңілдігі бар жолаушыларға  40 теңге. Осы айырмашылықтардың шығынын субсидия жауып тұр. Оған бір жылда 4 миллиард теңге кетеді. Кейбір автобустар жол жүру құнын белгіленген төлемнен 10-15 есеге көтеріп алған», – деді Байбек.

Әкімнің айтуынша, экологияның тазалығы және тұрғындарға қолдау көрсету үшін осындай шығындарға барған. Сондай-ақ, тасымалдаушылармен жасалған келісімшартта қоғамдық көлік жүргізушілердің дөрекілігі мен уақытында жүріп отырмағаны жайлы мәлелелер де қарастырылған.

«Қала тұрғындарынан автобус паркін 30% -ға жаңарту үшін өтемақы мен субсидия бөлінеді. Бірақ кейбір тасымалдаушылар жол жүру тарифтерін 150 теңгеге көтеруді талап етіп отыр. Біз ондай автобус тасымалдаушыларына айыппұл салып, қатаң қадағалайтын боламыз. Қоғамдық көлікті тасымалдауда сапа көтерілмейінше жол жүру бағасы да көтерілмейді», – деді Байбек.

Жіберіп алмаңыз:

Елімізде ең ұзақ есімімен танымал Ақпантоқпантұрарқожа сотталғалы жатыр

Байбек: Алматыдағы үйлердің аулаларында ақылы тұрақтар болмайды

Ақтөбе тұрғыны жын жайлаған үйден отбасымен бірге қалай қашып құтылғанын айтып берді

Қаңғыбас иттерден қауіптенген Астана ауылының тұрғындары жұріп-тұрудан қалды

Талқылау