Баян-Өлгий халқы Кәрім Мәсімовке ақбоз ат мінгізіп, шапан жапты (фото, видео)

Бейсенбі, 14 Шілде , 2016 12:35

Моңғолияға іс-сапармен барған ҚР Премьер-министрі жолай Баян-Өлгий халқымен кездесіп, жақында ғана орын алған селден зардап шеккен тұрғындарға Қазақ елінің бір-екі күннің ішінде қаржылай көмек беретінін айтты.

fe24cc82f7878d4319aa9faa27ff0212

Осы өңірде іс-сапармен жүрген журналист Марфуға Шапиян өзінің жеке парақшасында былай деп жазып, Үкімет басының кездесуінен суреттер жариялаған екен. Әріптесіміздің суреттерін назарларыңызға ұсынамыз.

023239a064a81e2679aa9b07e1ab8ab9

3fe74a871700ca0e935520b77e3aeae8

“Жаңа ғана біз тоқтаған “Бай Өлке” қонақүйінің алдындағы алаңда Қазақстаннан келген делегаттар мен жергілікті қазақ халқының кездесуі өтті. Өзіміз теледидардан әрең көретін Үкімет басшысы Кәрім Мәсімовті көріп, қазақша мақалдатып сөйлегенін естіп “шок” болғансың ғой. Жанына Мәдениет министрі мен Денсаулық министрін ертіп алыпты.  Әзіл-әзілмен ғой, бірақ халық шыны керек, кешелі-бері Үкімет басшының келуін кәдімгідей күтті. Оны таң атпастан алаңға жиналып алған халықтың қарасының көптігінен байқауға болады. Әрине, олай болатын жөні бар. Үкімет басшысы 25 жылда бірінші рет бұл жаққа ат басын бұрып тұр екен. Өлгейлік билік тарапынан балабақша, аурухана салу, Қазақстанға көшіп барған оралмандардың зейнетақысын реттеу, әуе жолын қайта қалпына келтіру мәселелері қозғалды. Ал біз жақ осы бір-екі күнде апаттан зардап шеккендерге берілетін қаржыны аударатынын және жастарға университетке болмашы грант бөлетінін айтты. Енді мемлекет бюджетінен қаншалық қаржы берілетінін білмейміз ғой, бірақ халық осындай көңілі жарым тұста Қазақстанның назар аударып, бірінші боп көмек қолын созып жатқанына, Үкімет басшысының келгеніне кәдімгідей қуанып, бір серпіліп қалған сияқты… Сөйтіп, Үкімет басшыны театрға алып кетті, біз қонақүйімізге қайттық” – дейді журналист.

9ab1037acace49fc9c40c6c1967890c3

232afd65311972a5fe477937601f90e5

8516d1973173dfe87363644f40b7d0b2

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

1
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
21.10.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар