Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Баян Мақсатқызы бұрынғы күйеуіне неліктен кешірім бергенінің себебін айтты

Баян Мақсатқызы өзін аяусыз ұрып тастаған бұрынғы күйеуі Бақытбек Есентаевты неліктен кешіргенін айтып берді.

image-87

“Мен оны кешірдім, бұл менің шешімім. Мен бұл бетті парақтап болдым, өмірім әрі қарай жалғасады. Менің балаларымның әкесі бар, ал өзім өз бақытымды іздеймін…”, – деп жазды продюсер Инстаграмдағы парақшасында.

Еске сала кетсек, продюсердің кешірім бергендігін оның адвокаты Марат Асқарбеков бүгін сотта жария етті.

“Баян күйеуіне кешірім берді, ол дұрыс жасады деп ойлаймын. Ондай шешімді кез-келген әйел қабылдай бермейді. Бұл оған оңайға түскен жоқ, сірә балаларының тағдырын ойласа керек”, – деді Талдықорғанда өткен сот отырысының қорытындысы бойынша сөз алған адвокат.

Баян Мақсатқызының өзі сотта бүгін келген жоқ. Сот отырысы ертең, 20 қазанда жалғасады. Кешегі сотта оны қызы Айсәуле мен әпкесі Бағым Мұхитденова қолдады. Ал Бақытбек Есентаев адам өлтіруге әрекеттену, жыныстық мәндегі зорлық көрсету баптары бойынша айыпталып отыр.

Оқи отырыңыз:

Жіберіп алмаңыз:

“Кішкентай Ким Чен Ын” желіде жұлдызға айналды (видео)

Ресейлік «Братья Грим» тобының бұрынғы әншісі жынысын ауыстырмақ

Жапония өзі қозғалатын әрі тірі адамнан айнымайтын қыз жасап шығарды (видео)

Білім министрлігі мектепте оқушылардың xиджабпен жүруіне қатысты ұстанымын жариялады

Талқылау