Баян Есентаева: Ұяңдық – адам баласының басты көркі

Жұма, 21 Сәуір , 2017 10:13

Баян Мақсатқызы адам баласының өмірінде ұяңдықтың үлкен рөл атқаратынын айтты. Мұнымен қатар, өзін не себепті жақсы адамдардың қатарына қоспайтынын түсіндірді.

16789511_570025079873847_4878267319865835520_n

Бұл туралы 365info арнасына берген сұхбатында айтты.

«Дәл осы видеоны көп адам көретінін жақсы түсінемін. Олар мені өтірік айтып отыр деп ойлаулары да мүмкін. Бұл мен үшін маңызды. Адам баласының басты көркі – ұяңдық. Мен ешуақытта кеудемді қағып, қатты сөздер айтқан емеспін. Адам баласын оның жасаған жұмыстары мен іс-әрекеттері көркейтеді деп ойлаймын. Мұны әдемі сөздер мен сыртқы көрік алмастыра алмайды. Әрине, әр кез жақсы сөздер айтуға тырысуымыз керек.

«Баян осындай жерде әдепсіздік танытты» деп айтатын адамдар табыла ма екен? Егер осылай айтатын адамдар табылып жатса, мен олармен бетпе-бет кездескім келеді. Мен ешуақытта дауыс көтермеймін, бастық екенімді айтып кеудемді қақпаймын, «шайды тез әкеліңдер», «маған бағынуға міндеттісіңдер» деп бұйырмаймын. Мен өзге әріптестерімнің қалай жұмыс істейтінін білемін. Аса көңілімнен шықпайды. Продюсердің мақсаты – өз ісінің шеберлерін жұмысқа алу, олардың табыстылығына сенім арту. Мен біреуді жұмысқа алған кезде, одан не талап ететінімді жақсы білемін», – дейді Баян Есентаева.

Жүргізуші продюсерден «Мен жақсы адам емеспін» деп айтуының себебін сұрады. Баян ханым көптеген сұхбатын осы сөздермен бастаған болатын.

«Мен өзім өмір сүріп отырған қоғамның пікіріне байланысты осылай айтып жатырмын. Танымал адам болғандықтан, мен олармен санасуға міндеттімін. Қоғам кешірімді емес. Қазір желідегі пікірлерді мүлдем оқымайтын болдым, алдағы уақытта да оқымаймын. Себебі, олар маған кері әсерін тигізеді. Әрине, арасында «Сіздің фильмдеріңізді, телехикаяларыңызды, жобаларыңызды жақсы көреміз» деп айтатын жандар бар. Кейде қоғам тірі жанға пікір жазып жатқанын ұмытып кететін сияқты. Адам баласының қателесуге, жылауға, ренжуге құқығы бар. Мен қателестім деп ойламаймын. Бұл үшін ұялмаймын да. Себебі, мені махаббат басқарып отыр», – дейді продюсер.


Жіберіп алмаңыз:

Есентаева: Тұрмыстық зорлық-зомбылықтан қорыққандықтан ажыраспай келдім

“Қазақ аруы-2012” арманындағы үйін салғанын айтып сүйінші сұрады

Бурак Өзчивит “Өшпес махаббат” телехикаясының 8 бөлімі қалғанын айтты

БАҚ: Бритни Спирс өзінен 12 жас кіші сүйіктісінен бала күтіп жүр

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
26.04.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар