Баян Есентаева ешқашан орамал байлап, тұмшаланбайтынын айтты
Белгілі продюсердің желідегі жеке парақшасына орану жайлы айтып, оның пайдасын түсіндіретін оқырмандары көбейіп кетіпті. Баян Есентаева өз кезегінде жеке таңдауының барын, ешкімнің ешқашан өзін үгүттеуге әуре болмауына кеңес берді,-деп хабарлайды Stan.kz.
Фото опубликовано Bayan Yessentayeva (@bayanyessentayeva_official)
” Құрметті оранған, таза келіншектер, орамалды өз денсаулықтарыңыз бен игілігіңізге тағыңыз. Маған әрдайым орануым керек екенін айтып отырудың қажеті жоқ. Мен қысқа киемін, шаш жаямын, боянамын әрі мұны тағы қанша қаласам сонша жалғастыраберемін!!! Егер мұным сізге ұнамаса парақшамнан шығып кетіңіз, өз жүйкеңізді тоздырмаңыз. Менің әжем Тама руынан, менің апа-әжелеріп атқа отырып,шашын жайған сондай-ақ, орамал тақпаған. Олар тіпті темірден жасалған сауыт киетін! Мен бәрін айттым!!!”,-деп аяқтайды продюсер Баян Есентаева.
Еміне 1,5 миллиард теңге қажет: Қазақстандық 7 жасар баланың бұлшықеттері әлсізденіп, жүруі қиындаған
Дәрігерлер қателесіп, 4 ай бойы баланы бауыр фиброзынан емдеген
Қазақстан әйелдерінің үйдегі тегін еңбегінің құны қанша: Есептеп көрдік
Оқырман: "Әйелдер де күнделікті тұрмыстан шаршайды, кейде демалып алғысы келеді"