Баян Алагөзова жұртты қызықтырып қойды: Иманбаева тұрмысқа шыға ма
Айгүл Иманбаева биылдан қалмай тұрмысқа шығатынын айтқалы бері, өнер иесінің жанкүйерлерінде маза жоқ. “Той қашан?” деген сауал актрисаға күн сайын жолданады. Ал продюсер Баян Алагөзова желідегі кезекті жазбасымен елді одан сайын қызықтыра түсті, деп жазады Stan.kz ақпаратттық агенттігінің тілшісі.

“Мына суреттің қай жылы түсірілгені есімде жоқ. Бірақ продюсер мен әнші әлі күнге дейін бірге шай ішіп, шығармашылық жоспарларын талқылайды. Ал біз жақын күндері Айгүлге барамыз. Не үшін деп ойлайсыздар?” – деп жұртты қызықтырды белгілі продюсер.
Желі қолданушылары бұл жазбаны актрисаның жеке өміріндегі өзгеріспен байланыстырды. “Тәтті шай”, “құдалық”, “той” деген болжамдарын да айтты. Ал көпшілік көкейіндегі сауалға Иманбаеваның өзі жауап береді деп сенеміз.
Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.
"Роллтонның" орнына бешбармақ: Атырау тұрғыны ұлттық тағамды 5 минутта дайындау жолын тапты
Кәсіпкер үшін бешбармақ – тек тез дайындалатын тағам емес
1 миллион теңге айлық, пәтер мен қызметтік көлік: Мемлекет Құрылтай депутаттарына қандай жағдай жасайды
Құрылтай мен бұрынғы Парламент арасында қандай айырмашылық бар