Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Баян Алагөзова 16 жастағы қызына жыныстық тәрбие бергені үшін сын астында қалды

Белгілі продюсер Баян Алагөзова 16 жастағы қызына жыныстық тәрбие бергені үшін сынға ұшырағанын айтты.

Бұл туралы InAlmaty.kz порталы хабарлайды.

Бақытбек Есентаевтың бұрынғы әйел бұл туралы тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына арналған дағдарыс орталығында өткен кездесу барысында айтып берді.

Продюсердің сөзінше, қоғамдағы әлеуметтік мәселелердің түп негізі тәрбиеде жатқан көрінеді.

«Мәселенің бәрі отбасында. Тиісті пән енгізу керек. Мен мектепте оқып жүргенде ер адамдармен қалай араласу керек екенін ешкім үйреткен жоқ. Бізде ондай жоқ. Біздегі психология «ұяттан» әрі аспайды. Сондықтан қыздар жүкті болып қалады, балалар үйіне сәбиін тастап кетеді, қарттар үйінде егде жастағы адамдар қатары толығуда. Біз мұның бәріне бей-жай қараймыз. Себебі бізге ұят.

Мен 16 жастағы қызыма жыныстық қатынас кезінде қалай сақтану керек екенін үйреткенімді көпшілік алдында айттым. Менен: «Ұялмайсың ба?» – деп сұрады. «Сіз сонда оның аборт жасатқанын немесе жолдан тапқан баланы үйге алып келгенін қалайсыз ба?» – деп жауап бердім. Бізде ол да жоқ. Сіз қаласаңыз да, қаламасаңыз да, бала ойындағысын жасайды», – дейді Баян Алагөзова.

Оқи отырыңыз:

Төреғалиді қолдап, халықты сабырлыққа шақырған Мақпал Жүнісоваға айтыскер ақын өлеңмен жауап берді

Қарияны залдан қуғаннан кейін басы дауға қалған Төреғалиге әнші Бүркіт араша түсті

Төреғалидің қызылордалық жерлестері әншінің сахнадағы әрекетіне қатысты пікір білдірді

Талқылау