Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бауыржан Сатов жары Альбинаның сахнаға шығуына тыйым салған

Актер Бауыржан Сатов қылықты да нәзік Альбинаны көргенде бірден ғашық болған. Тіпті, оны болашақта жар еткісі келетінін сол сәтте-ақ түсінген. Алайда көптің көңілін баураған Шардарованы бірден сахнадан аластатуды ойлаған.

Бауыржан Сатов жары Альбинаның сахнаға шығуына тыйым салған

Бұл туралы Stan.kz ақпараттық агенттігі “Астана” арнасының “Той жыры” бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.

Екі жас бір-бірін ұнатқан соң бір жылдай қыз-жігіт болып жүрген. Сол кездің өзінде-ақ Бауыржан Альбинаның ән айтуына қарсы болыпты. Шардарованың аяқ астынан Қуандық Рахыммен бірге ән айтпауына осы себеп болса керек.

“Жүріп жүрген кезде Бауыржан ән айтуыма қарсы болды. Кейін концерттерге, той-томалақтарға шықпайтын болдым. Тұрмыс құрған соң үйде отырасың деді. Оның бәріне келістім, ән де айтпай жүрдім”, – дейді Альбина ағынан жарылып.

“Бағына балта шауып жатқан шығармын деп ойладым, білдім. Бірақ маған бірінші кезекте жанұя, әйел, анама келін, балаларымыздың анасы керек болды. Әртіс емес. Сосын мен Альбинаға әртіс ретінде қараған да жоқпын. Бірінші рет жан дүниеме жақын адам екенін көрдім. Альбинамен бірге отбасымызға береке келеді деп ойлап, әйел ретінде, жарым ретінде қабылдады”, – дейді Бауыржан Сатов.

Алайда Бауыржан қарсы болғанымен, актердің анасы Альбинаға қолдау білдіріпті.

“Үйленгеннен кейін ғана Бауыржанның анасы “бұл дұрыс емес” деп айтқан екен. Әнін жалғастыра берсін деп… Бауыржан қандай нәрсе айтса да, мен онымен келісемін”, – дейді Альбина.

“Енді келіп жатыр, өнермен қош айтысу қиын болмас деп ойладым. Кейін анам ешқашан олай жасаушы болма деді. Қатты қызғаншақ болма, қызғансаң да, шектен тыс кетпе деді. Алла Тағала берген өнері бар, әрі қарай жалғастырсын деді.

Маған үйлене салып бірге ән айтып көрейін деді. Керек емес дедім. Қазір деген ел неше түрліні айтып жатыр, одан сайын отқа май құймайық дедім. Кейбір адамдар мүмкін сондайды жақсы көретін шығар. “Хайп”, “пиар” – мен өзім ондайды ұнатпаймын. Айтсақ тек өзіміз үшін айтамыз. Той-томалақтарға шығып, дуэт ретінде той-томалақта ақша табу емес”, – дейді Бауыржан Сатов.

Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.

Талқылау