Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бауыржан Есебаев өз қарамағынан кеткен Жігердің қазіргі жағдайын сынап тастады

«Жігер  жеке әнші ретінде белгілі бір бағыт тапқан жоқ»! Бұл біздің пікір емес, Ауыпбаев жайлы экс-продюсері Есебаевтың  Stan.kz  тілшісіне айтқаны.

джига

«Меломеннен» кеткелі арадағы қарым-қатынасқа нүкте қойған қос тарап, бір-бірінің шығармашылықтағы жаңалықтарын тек әлеуметтік желі арқылы бақылап отыратынын жасырмады.

джига2«Бұрын кинолента деген болатын еді ғой. Тура сол сияқты қазіргі таңда Инстаграм деген пайда болды. Елдің не жазғанын, не ішіп отырғанына дейін көріп отырамыз. Сол кезде кездесіп қалса тыңдамайды емес, тыңдап қоямыз. Жігер, не істеп жатыр екен, не жазып жатыр екен…» – деп Бауыржан Есебаев ақиқатын айтты.

Алайда, Жігердің жеке шығармашылығына бұрынғы басшысының көңілі толып отырған жоқ! Есебаев экс-жобасының ән әлемінде әлі де өз орынын таппағанын тілге тиек етті.

«Жігердің шығармашылығында бірізділік жоқ! Бірізділік – халықтың жүрегінен орын табамын деген өнер адамының құралы. Ол дегеніңіз бір композитормен, бір ән әрлеушімен жұмыс жасау.

Себебі, сен халыққа бір дүниені берген кезде тыңдарман ұнатса, одан кейін тағы да дәл сондай дүниені күтіп отырады» – деп бұрынғы шәкіртінің шығармашылығын қатаң сынға алған продюсердің келтірер деректері де бар көрінеді.

«Жігерді табалау емес, бұл Жігерге ақыл айту.  Себебі бір әні түрікше, «аударма» бір жаққа кетіп жатыр. Бір әні тойдікі бір жаққа кетіп жатыр. Бір әні достар туралы бір жаққа кетіп жатыр. Бұл жерде оны халық қабылдай алмайды» – деп пікірін білдірген Есебаев, экс-Меломендік Жігердің жұмысына өз бағасын берді.

Оқи отырыңыз:

Қайрат пен Димаш бірдей музыкалық жүлдеге ие болды (видео)

Димаш Қытайда “Ең үздік шетелдік өнер адамы” атағын иеленді (видео)

Үшінші рет тұрмысқа шыққан Ақбота Керімбекованың тойы дүркіреп өтті (фото)

Ақбота Керімбекова: Еріккеннен тұрмысқа шыққан жоқпын

 

 

Талқылау