Бауыржан Байбекпен «селфилеткен» Лидо «кәрі» атанды
Әнші Лидо Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбекпен «селфиге» түсті. Ол бүгін қызын алғаш рет мектепке жетелеп апарған еді. Қала әкімін де сол жерде кездестіріп қалса керек-ті.
Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.
«Әкіміміздің рұқсатымен ойда-жоқта түсірілген селфиді жүктеймін», – деп жазды Лидо желідегі парақшасында.
Желі қолданушыларының бірі Лидоға «қартайып барасыз» деді. Ал сүйікті әншілерін жақтағандар онымен ұрысты.
«Барлық адам қартаяды. Мұндай сөзді есту жағымсыз дүние. Қазір Лидоның көңіл-күйі түсіп кеткен шығар», «Сіз қартаймаймын деп ойлайсыз ба?», «Өте әдемі болып тұр», – деді оқырмандар.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті бір киіз үйді 13,5 миллион теңгеге сатып алған
Алайда дәл осы кезеңде Қазақстанның басқа өңірлерінде киіз үйлер әлдеқайда төмен бағамен сатып алынып жатыр
"Сап-сау баламды мүгедек қылып алдым": Қазақстандық әйелдің көзінше баласы азелит ішіп, өңешін күйдіріп алған
Бүгінде баланың асқазанына гастростома қойылған, өздігінен тамақтана алмай қалғанда ас тікелей асқазанға стома арқылы енгізіледі