Жаңаөзендіктер тағы да бас көтерді

Дүйсенбі, 3 Қазан , 2016 21:58

Батыс тағы бас көтерді.  Жаңаөзенде ереуілге шыққан мұнайшылардың саны екі мыңға жуықтайды. Себеп-тағы да сол, еңбек дауы. Қызметкерлердің қысқартылуы, жалақының толық төленбеуі дейді айтуларынша.

Снимок экрана (39)

Бұл туралы 31 арна хабарлайды.

«Бұрғылау» серіктестігінің екі мыңға жуық қызметкері төрт күннен бері жұмысты тоқтатып, далада жүр. Айтуларынша, екі айдан бері еңбекақылары 50 пайызға дейін қысқарып, сыйақылар берілмейтін болыпты. Бұдан бөлек, компанияға қарасты кәсіподақ төрағасын жұмысшылардың өздері сайлауға рұқсат етілмей отырғанын көрінеді.

«Біз өзіміз сайлаған кәсіподақ төрағасына жұмыс жасауына мүмкіндік берсін. Қазір оның жұмыс жасауына кедергі келтіріп, қысым көрсетіп жатыр. Бізге басқа төраға қажет емес. Солай ма, жігіттер? ИЯ! Кәсіподақ шотында біздердің ақшаларымыз бар, жауып тастады. Сол талаптарымызды орындасын. 16 сағат жұмысты 6 сағатқа, 8 сағат жұмысты 4 сағатқа қысқартып тастап отыр ұңғыларды уақытынан бұрын қазып болдық деп…», – дейді  «Бұрғылау» ЖШС қызметкері Бекарыс Төлесінов.

Жиналғандар, алты айдың ішінде түрлі себеппен 60-қа жуық қызметкердің жұмыстан шығарылғанын айтады. Енді ұжымдық шарттың заңға сәйкес орындалуын талап еткеніміз үшін біздер де қудаланып жатырмыз дейді.

«Құзырлы орган қыспаққа алып жатыр. Кім сөз сөйлейді, соларды салып алып кетеді», – дейді «Бұрғылау» ЖШС қызметкері Төлеген Байзақов.

«Бұрғылау»мұнай компаниясы жоспар бойынша қыркүйек айында 30 ұңғы қазуы тиіс болған. Алайда, қызметкерлер жұмысты тоқтатып тастаған соң, 15 ұңғы уақтылы қазылмай қалып, бір аптаның ішінде кәсіпорынға миллионнан астам шығын келген. Сондықтан «Бұрғылау» басшылығы тығырықтан шығудың әзірге бір ғана жолын ойлап тапқан.

«Біз үш жылдық жоспар бойынша 273 скважин қаздық. 78 скважин қысқартылсын деген тапсырма келді. Өйткені, мұнай бағасы түсіп, обьем қысқарды. Біз жұмысшылар жұмыссыз қалмасын деп 34 скважин сұрап алып отырмыз. Әр күніне 4 сағат болса да нанын тауып жесін деп амалын қарастырып отырмыз. Адамдар сокрашениеге кетпесін деп істеп отырмыз», – дейді «Бұрғылау» ЖШС директорларкеңесінің төрағасы Түлеген Әджібаев.

«Бұрғылаудың» екі мыңға жуық қызметкері аталған проблемалардың толық шешілуі үшін мәселеге министрліктің араласуын талап етіп отыр.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
27.05.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар