БҚО-да дәрігерлер ота жасаудың орнына бір-бірімен төбелескен (видео)

Сәрсенбі, 1 Маусым , 2016 13:52

Батыс Қазақстан облысы Жангелді аудандық ауруханасында анестезиолог пен хирург бір-біріне жұдырық ала жүгірді.

photo_186040

Бұл туралы Надежда басылымы хабарлайды.

Бейнематериалды газет редакциясына операция үстелінде қайтыс болған емделуші Радислав Сабырғалиевтің анасы алып келген.

Негізі оқиға 2015 жылдың желтоқсан айында болыпты.

Екі дос аудан орталығына жақын маңға балық аулауға барады. Сол жерде белгісіз біреулер оларға оқ атып, оң 38 жастағы Радиславтың жамбасына тиеді. Досы оны ауруханаға алып келеді. Алайда ол отадан соң қайтыс болған. Оқ атқан адам сегіз жылға сотталады. Ал дәрігерлердің ешқайсысы жазаға тартылмайды. Қайтыс болған адамның туыстары дәрігерлердің немқұрайлылығы қайғылы жағдайға әкеліп соқты деп есептейді. Олардың айтуынша Радислав қан жоғалтып жатқан кезде, ақ халаттылар бір-бірімен төбелесіп жүрген.

Енді әйел дәрігерлерді қатаң жазалауды талап етуде.

“Бас дәрігер, оның орынбасары, анестезиолог, кезекші дәрігер бәрі кінәлі. Олар менің ұлыма дер кезінде көмек көрсетпегендіктен де, жауапкершілікке тартылуы тиіс”, – дейді анасы.

Әйел алып келген бейнематериалдағы төбелес 6:08 минуттан басталып 7:00-ге дейін созылады.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
21.07.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар