Батыс Қазақстанда 16 жастағы қыз 3 күннен бері табылмай жатыр
Құрық ауылындағы үйінен 20 ақпан күні шығып кеткен қыз қайта оралмаған. Қызды іздеуге бүкіл полиция жеке құрамы жұмылдырылған.

Бұл туралы облыстық ІІД баспасөз қызметі хабарлайды.
Қарақия ауданы, Құрық ауылының тұрғыны Айман Тілегенова 2017 жылдың 20 ақпанында үйінен шамамен 16:00 кезінде шығып кеткен.
Ол үстіне қыстық ақ-сары түсті күртеше киіп, жолағы бар ақ-сары түсті бас киім киген. Аяғына қоңыр түсті аяқ киімі мен қара шалбары болған.
Айман Тілегенованың орналасқан жері туралы қандай да бір ақпарат білетіндер болса, мына телефондарға хабарласса болады: 8 (72937) 2 11 02, 2 13 80
"Балалар еденге жатып, суға түспеген": "Өзенмұнайгаз" қызметкерлерінің балалары барған лагерь талапқа сай болмай шығып, 315 мың теңге айыппұл арқалады
Кей ата-аналар лагерь таңдауда ашықтықтың жоқтығына наразы болған
Неге Қазақстанда ипотека дамыған елдерге қарағанда 5–10 есе қымбат
Ипотека мөлшерлемесі елдің экономикалық жағдайына тәуелді дейді мамандар