Батыс Қазақстанда 16 жастағы қыз 3 күннен бері табылмай жатыр
Құрық ауылындағы үйінен 20 ақпан күні шығып кеткен қыз қайта оралмаған. Қызды іздеуге бүкіл полиция жеке құрамы жұмылдырылған.

Бұл туралы облыстық ІІД баспасөз қызметі хабарлайды.
Қарақия ауданы, Құрық ауылының тұрғыны Айман Тілегенова 2017 жылдың 20 ақпанында үйінен шамамен 16:00 кезінде шығып кеткен.
Ол үстіне қыстық ақ-сары түсті күртеше киіп, жолағы бар ақ-сары түсті бас киім киген. Аяғына қоңыр түсті аяқ киімі мен қара шалбары болған.
Айман Тілегенованың орналасқан жері туралы қандай да бір ақпарат білетіндер болса, мына телефондарға хабарласса болады: 8 (72937) 2 11 02, 2 13 80
Полиция бастығының қызы Олжас Сүлейменовтің немересін қалай қағып өлтірді: Қазақстандағы тағы бір атышулы жол апатын еске түсірейік
Үйленуді жоспарлап жүрген Ескендір Сүлейменов 26 жасында өмірден өтті