Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Батырхан Шүкеновтің рөлін сомдауға кастинг жарияланды

Батырхан Шүкеновтің рөлін сомдауға кастинг жарияланды. Әйгілі әнші туралы фильмге әртістер Алматыда сұрыпталып жатыр. Ал оның рөлін ойнауға тілек білдіргендер еліміздің әр аймағынан келуде, – деп хабарлайды КТК арнасының сайты.

xw_1086989

Жалпы, фильмге кейіпкерді сомдайтын 9 адам таңдап алынбақ. Олар әншінің бала күнінен бастап шығармашылығы шыңдалған кезіне дейінгі өмірін көрсетеді.

53 жасында өмірден өткен әнші, музыкант Батырхан Шүкеновті еске алуға арналған әртүрлі шаралар ұйымдастырылып келеді. Концерттер, фотокөрмелер, тіпті, марқұмның атына ашылған арнайы қор бар. Әншімен көзі тірісінде жақын араласқан достары енді жаңа жобаны қолға алып, ол туралы фильм түсірмекші. Бұл үшін әуелі Батырханның рөлін сомдайтын адамды табу керек.

«Аманат» атты әніне клип түсіру үшін кастинг жүргізіп жатырмыз. Бұл клипті кезінде Батырдың өзі түсіргісі келген еді. Енді сол жобаны біз қолға алып отырмыз. Ал оған түскен актер сосын Батырхан туралы фильмнің басты кейіпкері болады”, – дейді Шүкенов атындағы қордың директоры Олжас Байқанов.

Бұл жігіт кастингке қатысу үшін сонау Астанадан арнайы келіпті. Өнер жұлдызының туындыларын жаттап өскен ол сүйікті әншісінің есімін ұлықтауға қандай да бір үлес қосуды өзіне міндет санаған екен. Ал мына жасөспірім Батырдың әндерін әулетімен түгел сүйіп тыңдайтындарын айтады.

“Туылғанымнан бастап менің кумирім деп айтсам да болады. Өйткені, ата-анам, ағаларым бәрі Батырхан Шүкенов, «А-студио» тобын тыңдады. Менің арманым сол Батырхан Шүкенов сияқты мықты әйгілі адам болып қалыптасу”, – дейді Күләш Байсейітова атындағы музыка мектебінің оқушысы Мұхамедәли Әділбек.

Түсірілім тобы әзірге әртістерді іріктеу және қаржыландыру мәселелерімен айнасылып жатыр. Ал келер жылы фильмнің жұмысына кіріспек. Сөйтіп, арасы екі жылдың ішінде әншінің өмірі жайлы толыққанды фильмді жарыққа шығаруды көздеп отыр.


Нұртас Адамбайдың егізі киноға түсті

 

 

Талқылау