Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Батпаққа құлаған ер адамды йога әдісі құтқарып қалды

Австралияда ер адам экскаватор рөлін басқара алмай балшыққа құлап, бірнеше сағат бойы жатып қалған. Ол мұрнын балшыққа батырмай ұстап тұрғанының арқасында тыныс алып аман қалады.

_94234102_tractor2

Бұл туралы BBC орыс қызметі хабарлайды.

Оқиға Сиднейден 300 шақырым жерде орын алған. 45 жастағы Дэниел Миллер жер жарылған кезде оқыстан суға құлайды. Ер адам үш тонналық көлік тізгінінде отырғандықтан жалғыз өзі сытылып шығып кете алмаған.

Миллердің айтуынша, ол йога сабағында үйренген әдісті қолданып, нәтижесінде тыныс алып, көмек шақыру мүмкіндігіне ие болады.

“Мен балшыққа батып кеткенімді сезген сәтте, басымды тік ұстап мұрнымды шығарып тұруға тырыстым. Ол үшін қолым мен арқама күш салдым. Мен нағыз йога шебері емеспін, бірақ оның әдісі өмірімді сақтап қалды деп айта аламын”, – дейді ол.

Құтқарушылардың сөзінше ер адам батпақтың ортасында 2 сағаттай уақыт өткізген. Алайда Миллердің әйелі болса, күйеуінің 5 сағат бойы көмек күткеніне сенімді. Қазір дәрігерлер оның жағдайы бірқалыпты деп отыр. Миллердің айтуынша, ол тек аман қалып өз отбасына, келіншегі мен екі баласына оралу туралы ғана ойлаған.

_94234100_tractor

Құтқарушылар суды сорып алып, ер адамды аман алып қалу үшін іске кірісіп кеткен. Сосын тікұшақпен ауруханаға жеткізеді. Дәрігерлердің айтуынша, Миллер қатты тоңып қалған және арқасы жараланған.

Талқылау