Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Басынан атқан: БҚО-да полицей командиріне 7 рет оқ атқан

БҚО ІІД басшысы Махсудхан Аблазимов полицейдің өліміне қатысты пікір білдірді.

Басынан атқан: БҚО-да полицей командиріне 7 рет оқ атқан

Сурет: Уральская неделья

Бұл туралы «Уральская неделя» басылымына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

“6 қыркүйекте Ішкі істер басқармасының Ақжайық өңіріндегі бөлімінде ішкі күзет батальонының инспекторы командиріне оқ атты. Командир сол жерде мерт болды. Оқ атқан полицей қаруын тапсырып, сол жерде ұсталды. Қазір тергеу жүруде. Кейінірек бұл істің себебін айтатын боламыз”, – деді облыстық ІІД басшысы.

Айтуынша, күдікті командирге 7 рет оқ атқан. Басы мен арқасынан, жамбасынан атқан.

“Оқ атқан қызметкердің нені көздегенін білмейміз. Қызметте еш міні байқалмаған. 5 марапатқа ие. Бұрын еш жаза алмаған. Жетекшілер тарапынан сынға түпеген. Марқұм болған полиция капитаны да сондай мінездегі адам еді. Ол органда 2008 жылдан бастап қызмет атқарды”, – дейді Аблазимов.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау