Басына түскен қиындықты жеңе білген 10 адамның ерекше тағдыры (фото)

Бейсенбі, 3 Наурыз , 2016 20:05

Адамдар өмірде небір қиындықтарды бастан кешіп, бақытқа жетіп жатады. Ал ендібіреулерге қиындықтармен өмір бойы күресуге тура келеді. Осы ретте біз басына түскен ауыртпалықты мойымай көтере білген қарапайым адамдардың тағдырымен таныстырмақпыз.

bool

Алексей Ретивых бір аяқсыз бола тұра “Шымбұлақта” құтқарушы болып жұмыс істейді.

Jx9x3a354kKRSJLE9K4A0JGObP6BT0

Сурет: Серикжан Ковланбаев

Алексей 11 жасында электр тоғыны түсіп, бір аяғынан айырылған. 2 жыл бұрын желіде жариялаған суреттен оның бір аяғымена-ақ шаңғымен тұрғанын көрген көпшілік қайран қалысқан.

«Маған шаңғы тебу өзгелерге қарағанда қиынға соғады. Шағы тепкен соң, қолдарым, арқам, дене бойы ауырсынып қалады», – дейді Алексей.

Алексейдің достары оған ангиопластикалық ота жасау үшін қаражат жинау керектігін айтып, көпшіліктен көмек сұраған еді. Бұл отаны көп ретте Оңтүстік Кореяда жасайтын көрінеді.

Айта кетейік, бұған дейін бір аяғы жоқ шаңғышының отасына ақша керектігі жайлы хабарлаған болатынбыз.

7042260-650-1456929180-10

Екі қолы, қос аяғы жоқ Ник ешқандай депрессияға бой алдырмай, өзіндік менін жоғалтпай бақытты ғұмыр кешіп жатыр. Ник гольф ойнап, серфингпен айналысады. Елді шешендігімен таң қалдырып, әлемге саяхат жасайды. Жақында ол екінші рет әке атанды. Көшедегі балалардың «Неге бұндай болдыңыз?» деген сауалына «Бәрі темекінің кесірінен» деп жауап береді екен.

7042410-650-1456929180-926217-bill-porter

Адамның алға қойған мақсаты бар кезде оған дерті де тосқауыл бола алмайды. Бұл тұрғыда Билл Портерді атауға болады. Ол тумысынан сал болып туылғанына қарамастан, саудамен айналысуды қалаған. Ақыры дегеніне жетіп, Американың ең үздік сатушысының біріне айналды. Оның күшімен 2002 жылы «Дверь в дверь» фильмі түсірілген еді.

7042710-650-1456929180-2

Биші үшін билей алмай қалудан асқан қасірет жоқ. Ал, егер кәсіби биші жол апатынан салдарынан бір аяғынан айырылып қалса қалай болмақ? Ресейдің брейк-данс бойынша чемпионы Евгений Смирновтың басынан дәл сондай қайғылы жағдай өткен. Алайда, ол бар күш-жігерін жинап, биді қайта басынан бастап үйренген. Нәтижесінде концерттің бірінде бір аяғымен-ақ өнер көрсетіп, көпшілікті таң қалдырған еді.

7042610-650-1456929180-4

Олеся Владыкинаның 20 жасында Тайландтағы жол апатынан бір қолы шынтағымен қоса сынып кеткен. Бұл жағдай оған өте ауыр тигенмен, ол алға ұмтыла түскен. Батылдығының арқасында Олимпиада ойындарында екі рет озық шығып,  І орынмен әлемдік рекорд жаңартқан еді. Ол протезден де бас тартқан екен. Барлығын бір ғана қолымен тындыратын көрінеді.

7042210-650-1456929180-7

Танымал актер болу үшін мінсіз болу керек деп ойлайсыз ба? Олай десеңіз, Сильвестор Сталоненің жайлы айтып өтейік. Оның тумысынан сол жақ беті сал болып туылған. Тіпті ым-ишара білдіруге келмейтін болған. Аузымен сөйлеу қиындық тудырған. Тілінің өзі таза сөйлеуге келмепті. Әлі күнге дейін актердың тілінің мүкісі бар. Алайда осының бәрі оның танымал актер болуына кесірін тигізе алмады.

7042310-650-1456929180-5

Соқырлық адамды көз жанарынан айырса да, есту, сезіну мүшелеріне тоқтау бола алмайды. Андрей Боччелли көзі көрмесе де, танымал классикалық музыка орындаушысы болды. Ол жақында екінші рет үйленіп, үшінші рет әке атанды. Ол сыртта не болып жатқанын көре алмаса да, ішкі жандүнисімен барлығын түйсіне алады.

7042660-650-1456929180-6

Адам мақсатына жетем деп талпынса, оған жетпей қоймайды. Даун синдромымен ауыратын Мэдлин Стюарт модель болуды армандаған. Оны модель есебінде қабылдамағандықтан 20 келі салмақ тастаған. Ақыры, арманы орындалып, Нью-Йорктегі сән апталығында сахнаға шықты.

7042160-650-1456929180-8

Бұл модельдің тағдыры ерекше. Шантель бала кезінде медицина тілімен айтқанда витилиго деп аталатын ауруға шалдыққан. Денесі алапес секілді ағарып кеткен. Алайда, ол бұл кемшілігін артықшылығына айналдыра білді. Соның нәтижесінде атақты модель атанды. «Адамдар қара нәсілді және ақ нәсілді болып бөлінеді. Ал, мен солардың екеуіне де жатамын», – деп қалжыңдайды Шантельдің өзі.

7042360-650-1456929180-9

Ксения Безуглова – екі баланың анасы, мүмкіндігі шектеулі жандар арасындағы  италиялық Vertical сұлулық байқауының жеңімпазы, қоғам қайраткері. Ол кемістігіне қарамастан, өмірге құштар жан. Сонысы арқылы да өзге мүмкіндігі шектеулі жанарға үлгі болып жүр.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
23.01.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар