Басына үлкен мүйіз шыққан әжейге дәрігерлер де көмектесуге қауқарсыз (видео)
Осыдан сегіз жыл бұрын егде жастағы Лян Сючжэньнің басында түйін пайда болған. Туыстары оған аса мән бермей жүре береді. Алайда түйін уақыт өте келе өсіп үлкейе береді.

Көршілері мен таныстары әжейді мазақ қылып өзге атпен атап кеткен. Екі жылдан соң қызы анасының басын жуып жатқанда мүйіз сынып түсіп қалады. Олардың қуанышы көпке ұзамай, сынған түйін сағаттап тез өсетін болған.

Дәрігерлер 13 сантиметрлі мүйіздің зиянсыз кератинді дерт екенін айтады. Кератин адамның шашы мен тырнағында, терісінде болады.
Мүйіздей болып өскен түйін әжейдің жүріп тұруына, ұйықтауына кедергі болуда. Дәрігерлер мүйіздің зияны да болуы мүмкін екенін ескеріп, оны отамен алып тастауға бекіне алмай отыр. 87 жастағы әжейдің денсаулығы нашар. Тіпті ота сәтті жасалған күнінң өзінде, оған кері әсер беруі мүмкін.
"Аяғыма оқ тиіп, кестіруге мәжбүр болдым": Сынаққа сынбаған Паралимпиада чепионы Ербол Хамитов жайлы не білеміз?
Ербол Хамитов Қазақстан тарихында Паралимпиада ойындарында топ жарған алғашқы спортшы атанды
"4 миллион теңге күйіп кетті": Мерекеде қызғалдақ сатқан қазақстандық кәсіпкерлер биыл шығынға батқан
Кәсіпкер: "3000 гүл сатуымыз керек еді, бірақ тек 166 дана қызғалдақ саттық"