Басын кесіп алған: Жамбыл облысында пойызда көз жұмған әйелдің өліміне қатысты тың мәліметтер шықты

Көкшетау-Қызылорда бағытындағы пойызда ер адамның саудагер әйелдің басын кесіп алғаны белгілі болды. Қанды қылмыс Шу станциясында жасалған екен, деп хабарлайды КТК арнасы.

Басын кесіп алған: Жамбыл облысында пойызда көз жұмған әйелдің өліміне қатысты тың мәліметтер шықты

Пойыз Жамбыл облысындағы Шу станциясына тоқтағанда, саудагер әйел жолаушыларға азық-түлік, киім-кешек ұсынып вагонға кірген. Ол тамбурдан өтіп бара жатқанда, ер адам оны бірнеше рет пышақтап, артынша тамағынан орып жіберіпті. Алған жарақатының салдарынан әйел сол жерде тіл тартай кеткен.

Ал оны өлтірген ер адам сол жерде ұсталғанымен, неліктен мұндай қылмысқа барғанын түсіндіре алмаған. Полицейлердің айтуынша, оның ақыл-есінде ауытқу бар. Оқиға орын алған уақытта ол диспансерден емделіп шығып келе жатқан екен.

«Ұсталған азаматтың папанойдты шизофрения диагнозымен диспансерлік есепте тұрғаны және бұрын сотталғаны анықталды. Қазіргі таңда тергеу амалдары жүргізіліп жатыр», – дейді ҚР ІІМ ресми өкілі Алмас Сәдубаев.

Әзірге полицейлер қылмыстың анық-қанығын ашып айтпай отыр. Тек тергеу амалдарының жүгізіліп жатқаны белгілі. Алайда саудагерді өлтірген ер адам ақыл-есінде ауытқу барына байланысты жазадан сытылып кетуі мүмкін.

Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін Жамбыл облысында ер адамның пойызда саудагер әйелді өлтіргенін хабарлаған едік.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Загрузка...
Орташа айырбас бағамы
23.10.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Соңғы жаңалықтар