Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Басты рөлді бермедің: Баян Алагөзова Бүркітке ренішін жеткізді (видео)

Кинорежисерлікке бет бұрған Бүркіт екінші фильмінің түсірілімін аяқтады. Ол “Загадай желание” туындысын алдағы күзде көрермен назарына ұсынуды жоспарлап отыр, деп хабарлайды Stan.kz ақпараттық агенттігі.

Басты рөлді бермедің: Баян Алагөзова Бүркітке ренішін жеткізді (видео)

Бүркіттің алғашқы кинокартинасы сәтсіз шыққанымен, өнердегі әріптестері оны қолдаудан бас тартпады. Әнші әрі режиссердің екінші фильміне Баян Алагөзова, Мейрамбек Бесбаев, Саят Исембаев және тағы да басқа көптеген өнер иелері түскен. Алайда үнемі басты рөлді сомдап, алда жүріп үйренген Баян Мақсатқызы бұл жолы эпизодтық рөл бұйырғаны үшін Бүркітке ренжіген ұқсайды.

“Бүркіт, саған қапалымын. Неге мен эпизодтық рөлге түстім? Неге басты рөл емес?” – деп ренішін білдірді Мақсатқызы.

Бүркіт өз кезегінде басты рөлге түспесе де, Баянның қашанда ел аузында екенін айтып қалжыңдады.

“Баян басты рөлді бермедің, эпизодқа түсірдің деп ренжіп жатыр. Өзім абдырап қалдым. Кейін оған басты рөлдің не қажеті бар деп ойладым. Баянды фильмсіз де бәрі талқыға салады, сынайды, жақсы көреді. Әрине, қалжың. Біз бір-бірімізді бұрыннан танимыз, доспыз, сондықтан да оның әзілдері мен “шабуылдарына” үйреніп қалғанмын. Баянчик, бізді қолданағаныңа рақмет! Сенде бәрі жақсы болсын”, – деп тілегін білдірді Бүркіт.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау