Басты рөлде Төреғали Төреәлі мен Ерке Есмахан ойнайтын жаңа комедиялық фильм жарық көрмек
Танымал продюсер Баян Есентаева, өзінің инстаграмдағы парақшасында оқырмандарына су жаңа жаңалығын паш етті. Оның айтуынша, интернетте жылдам танымалдылық жинап, көпшіліктің ықыласына бөленген “Алло” бейнебаянының желісінде жаңа комедиялық фильм көрерменге жол тартпақ.

«Бұл жұп расында интернетті жарды!!! Сіздерге бейнебаянның сюжеті мен ән өте қатты ұнады! Рахмет, біз барынша көңілдеріңізден шығу үшін тырыстық! Ал енді су жаңа жаңалығымызды ұсынайық! Жақында толықметражды комедиялық фильм жарық көрмек! Осы жылдың күзінде сіздерді еліміздің барлық кинотеатрларына шақырамыз! Басты рөлдерде – Төреғали Төреәлі мен Ерке Есмахан», – деп жазды Баян Есентаева.
"Пасханы да, Ораза айтты да бірге тойламыз": Қазақстандық ару көпұлтты отбасындағы татулық пен ерекше дәстүрлері туралы айтты
Наргиза: "Дін мен тілге бөлінбей барлық ұстанымдарға екіжақты құрмет көрсетеміз"
Алтынемел паркінде Сауд Арабиясының демеушілігімен ителгілер мен сұңқарлар ұшырылды
Маманның айтуынша, Қазақстандағы ителгі популяциясының жағдайы алаңдатарлық деңгейге жеткен