Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бастапқыда 30 мың теңге сұрайды: Елімізде жүргізуші куәлігін қолдан жасап беретін алаяқтар қаптап келеді

Елімізде жүргізуші куәлігін оңды-солды заңсыз жасап, сататындар көбейіпті. Тіпті, кейбіреулер әлеуметтік парақшаларына бақырайтып жазып, тұтынушы іздейді екен.

Бастапқыда 30 мың теңге сұрайды: Елімізде жүргізуші куәлігін қолдан жасап беретін алаяқтар қаптап келеді

Тек сұраған ақшаларын шотқа аударсаң болды, құжат бірнеше күнде дайын болады. Осылайша, делдалдар таныстары арқылы қалталарын қампайтып, бір байып қалатын көрінеді. Ақшаны ауадан жасап отырғандарға қандай жаза бар? Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.

"Жүргізуші куәлігін оп-оңай алып беремін. Оны оқымай-ақ қойсаңыз да болады".

Дәл осылай жазып, әлеуметтік желіде жар салғандар көп. Мәселен, мынандай. Ал, мамандардың сөзіне сүйенсек, жол ережесін арнайы оқып үйренбеген адам үшін көлік жүргізу кәдімгідей машақат. Өзінің ғана емес, өзгенің өміріне де қауіп төндіреді - дейді олар. 

Көлік жүргізуді білмесең куәлікті сатып ал! Интернет осы мәндес хабарландыруларға толы. Осындай қызметті қуана ұсынғандарға мән-жайды анықтау үшін хабарласып көрдік. 

-Алло, да, да! 

-Алло,саламатсыз ба! Мен сіздің нөміріңізді интернеттен алып едім. Куәлік жасату туралы. 

-Мхм, иә, иә. 

-Жасайсыздар ма?

- Аха жасаймыз. Қалғанын қараңыз енді. Сізге өзіңізге ме? 

- Иә, өзіме. 

- 3*4 сурет керек 3,4 штук. Одан кейін жеке куәлік керек болады. Одан кейін телефоныма лақтырасыз ақша. Жазылып тұр ғой ар жақта иә? Басында 30 мың лақтырсаңыз болады".

Яғни, сұраныс бар. Бағасы да арзан. Тіпті, 3 ай оқу оқып, қағаз мүжімейсіз. Тақтаға телмірмей-ақ, 3 тәулік ішінде толыққанды көлік жүргізушісі атанасыз. Емтиханнан өте алмай, ешкім әуре болмайды. Алайда, автомектеп оқытушысы Төлеген Ибатуллин бұны "нағыз заң бұзушылыққа" балады. Себебі, жүргізуші жолдағы адамдардың барлығының тағдырына тікелей жауапты. Егер оқушы сынақ кезінде 40 сұрақтың 32-не дұрыс жауап бермесе сертификат алмайды" -дейді.

Сертификат оқып-бітірілді, школьный экзамен тапсырылды. Вождениясының бәрі тапсырылды. Сол кезде ғана біз ондай сертификат бере аламыз. Если вождениясын тапсырып бітіре алмаса  біздің оқушыларымыз либо тестімізді тапсыра алмаса біз ондай сертификат беруге қақымыз жоқ”, - дейд автомектеп өкілі Төлеген Ибатуллин. 

Жүргізуші автомектептегі сынақтан өткен соң, мамандандырылған арнайы орталыққа келіп тағы емтихан тапсырады. Одан өтпеген жағдайда, куәліктен қағылады. Алайда, қайта тапсыруға құқылы, дейді мамандар. 

"Келіп құжаттамаларды тапсырады. Құжаттамаларың ішінен бізден талап етілетіні жеке куәлік. Егер де қызмет алушы А және Б категорияларын алатын болса жеңіл автокөліктеріне . Бізге келіп теория және практика экзамендерін тапсырып жүргізуші куәлігін алуға мүмкіндігі бар", - дейді қалалық мамандандырылған ХҚКО басшысы Еркебұлан Амантаев.

Ал, заңгердің сөзінше,бұндай құжаттарды жасаушылар алаяқ болып есептеледі екен. Егер кінәсі әшкереленсе жаза бар.  

"ҚР-ның 190-бабының алаяқтық заңымен яғни бабындағы көрсетілген оларға жаза яғни мүлкілері тәркіленіп, 1 мың айлық көрсеткішке дейін айыппұл салынып немесе 1 мың сағатқа дейін түзеу жұмыстары немесе соған сол мерзімге байланысты 2 жыл бас бостандығынан шектеу", - деді заңгер.

Ал, осындай құжатты ұйымдасып жасайтын сыбайлас топтың бары анықталса әр мүшесіне Қылмыстық кодекстің осы бабының 2-бөлімі бойынша 2 мың айлық есептік көрсеткіш айыппұл салынып, 4 жылға сотталады, дейді. Сондай-ақ, сатып алушы құжаттың заңсыз жасалатынын біліп тұрып келісім жасаса, ол да заң алдында жауап береді.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз

Талқылау