Әріптесі Децлді желіде қорлағаны үшін 6 мың доллар өтемақы төлейтін болды

Бейсенбі, 17 Тамыз , 2017 13:14

Желіде әріптесі Кирилл Толмацкийдің (Децл) намысына тиетін сөз жазғаны үшін рэпер Василий Вакуленко (Баста) 350 мың рубль көлемінде өтемақы төлейтін болды. Ол жуықтағанда 6 мың АҚШ долларын (5878 доллар) құрайды. Бұл – Ростов-на-Дону аудандық сотының шығарған шешімі.

2df7e41db934ffc88381c4eb3b3365c4__1440x

Бұл туралы РИА Новости хабарлады.

Сот Бастаның әріптесінің намысына 4 рет тигенін анықтаған. Алайда Вакуленконың өкілінің пікірінше, оның бірде бірі Толмацкийдің намысына тимейді, одан рэпер ешқандай да моральдық шығынға ұшыраған жоқ. Ал Баста Децлдің сот арқылы ел назарын аударуды көздеп отырғанын мәлімдеді.

Алғашқыда Децл Twitter-де жарияланған 4 бірдей жазба үшін 4 миллион теңге талап еткен. Баста Децл мен мамонтты есектің суретін қатар қойғаны үшін әріптесіне жақпай қалыпты. Суреттен бөлек, Баста: «Атақты жүн», – деп жазба қалдырған.

Бұдан өзге Баста Децлді қызтеке деп атап, оқырмандар арасында осы тақырып аясында сауалнама ұйымдастырған. Децл моральдық өтемақыдан бөлек, Бастадан аталған ақпаратты жоққа шығаруын талап еткен-ді.

Былтыр 7 желтоқсанда Баста «Децл – сабалақ чмо» деп қорлағаны үшін 50 мың рубль көлемінде өтемақы төлеуге міндеттелген.

Жіберіп алмаңыз:

Қайрат Нұртастың отбасы Шиеліде құдалық өткізіп келді (видео)

2017 жылдағы гонорары ең қымбат актриса анықталды

“Шықпасаңыз тамырымды кесемін”: Бір топ әншілер Алуа Қонарованың зәресін ұшырды (видео)

Айсәуле Бақытбек дастарханда әке орнының бос қалғанын айтып, елді жылатты

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
22.10.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар