Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Павлодарда баспанасы жоқ ана екі баласынан бас тартты

Павлодарда 44 жастағы әйел екі баласын білім бөліміне ертіп келіп, олардан бас тартты. Анасының бас тарту туралы өтініш жазғанына 16 жастағы қызы мен 6 жасар ұлы куәгер болды.Павлодар білім беру басқармасына халық әртүрлі мәселелер бойынша жүгінеді.

Павлодар тұрғыны баспанасы жоқ болғандықтан екі баланан бас тартты

Бұл туралы 31 арна хабарлады.

Бірақ бұндай жағжай бірінші рет болып тұр. Әйел жасөспірім қызы мен 6 жасар ұлын ертіп келіп, балалардан бас тартуы туралы арыз жазды.

«Әдетте біз кім, не үшін тастап кетті деп тексеру жұмыстарын жүргіземіз. Ол балаларын қалдырып кетті. Оның айтуынша, ол Семейден келген. Осы уақытқа дейін жалдамалы пәтерлерде тұрып, бүгінгі күні ол баспанасыз қалғандықтан балаларын қайда қалдырарын білмеген»,-дейді Павлодар қаласы Білім басқармасының қорғаншылық және қамқоршылық бөліміның меңгерушісі Рәсия Дүйсембекова.

Ол балаларының құжаттарын әкеліп, медициналық карточкаларын әкеп беруге уәде берген. Қазір балалар кәмелетке толмағандардың бейімделу орталығында. Оларды бір бөлмеге орналастырды.

«Балалар да бұл жағдайға түсіністікпен қарады. Себебі бастапқыда анасы да балаларымен сөйлесіп, осы кезеңде тұрмыстық жағдайларын жақсартқанға дейін балалар біздің орталықта болатынын айтқан»,-дейді кәмелетке толмағандардың бейімдеу орталығының басшысы Николай Қожахметов.

Дегенмен, психолог Елена Лупикованың сөзіне қарағанда, балалар бұл жағдайдың қалай әсер еткенін көрсетпесе де, оларға өте ауыр болады.

«Қазір қорқыныш басымырақ болып тұр. Анасы баланы тастаған сәтте олардың санасында көптеген сұрақтар пайда болады. Ол өз жасына байланысты бұл мәселеде жауап бере алмайды. Оларда «Неге? Менің не кінәм бар, анама не істедім ? Мен Мен нашар адаммын ба? деген сұрақтар туады»,-деді психолог Елена Лупикова.

Анасы бейімделу орталығындағы балаларына келіп тұруға уәде берді. Дегенмен, анасы үш айдан кейін оларды өзіне алмаса, 16 жасар қызы мен алты жасар ұлы балалар үйіне жіберіледі. Ал әйелді ата-ана құқығынан айыру үшін сотқа береді.

Оқи отырыңыз:

Қарағандыда қыздарды жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлеп келген қылмыстық топ ұсталды

«Шымкенттік мажордың» әкесіне қатысты сот отырысы басталды

Алматы әкімі зейнеткерлерге ақша табудың қызық жолын ұсынды

Павлодарда Германия азаматын пышақтап өлтірген екі бойжеткенге үкім шықты

 

Талқылау