Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Баспанасы үшін өзін өртеп жіберген әйелге қатысты шешім шығарған судьяның өзі сотталмақ

Баспанасын қорғаймын деп өзін өзі өртеп жіберген Алматы қаласының  тұрғыны Светлана Тұрғанбаеваға қатысты заңсыз шешім шыған экс-судья Өмірзақ Серімовтың өзі де сотталуы мүмкін.

25 жыл бойы адам тағдырын шешіп келген судьяның бұдан басқа да заңсыз істерге қатысы бар секілді, деп хабарлайды 31 арна. 

Светлана Тұрғанбаева 5 жыл бұрын үйінен күштеп шығармақ болған сот орындаушылары мен бала-шағасының көзінше өз өзін өртеп жіберген. Денесінің 80 пайызын күйік шалып, көп ұзамай ауруханада көз жұмды.

gettyimages-104821184-feature-hero

Оның мұндай қадамға баруына маңдай терімен тапқан үйін судья Өмірзақ Серіміовтың заңсыз деп танып, сот орындаушы Алмасбек Елтоқовтың қысым көрсетуі түрткі болған дейді марқұмның балалары.

«Анамды осындай жағдайға алып келген Елтоқов. Ол кісі психологилық қысым көрсетіп, анамның түбіне жетті. Оған судьяның шешімі де себеп. Анам балалары далада қалмасын деп өзіне қол жұмсады», – дейді марқұмның қызы.

gettyimages-104821184-feature-hero

Әйелі көз жұмған соң араға 4 жыл салып жұбайы Зейіш Қоржынбай да о дүниелік болды.

Қазір даулы үйде жетім қалған балалары, күйеу балалары мен келіндері, барлығы  16 адам тұрып жатыр. Ал, үйдің заңды иесі әл белгісіз.

Марқұмның бес баласы әлі күнге дейін тіркеуге тұрмаған.

Өмірзақ Серімов кәсібіне жарамсыз, қызметіне лайықты емес деген себеппен отставкаға жіберілген. Ал, оның заңсыз әрекеттері енді ғана сотқа жетіп отыр. Соттың алғашқы тыңдалымына экс-судья да, оның адвокаты да келген жоқ. Сондықтан сот кейінге қалдырылды.

Сот отырысына судья Серімов заңсыз үкім шығарған деген айыппен тағы он шақты адам келді.

«Серімов менің ісіме қатысты да заңсыз шешім шығарған. Енді міне көп жылдан бері алаяқтардан өз баспанамды әрең қорғап отырмын. Сот орындаушылары баспанамды тартып алмақ. Елімізде соттың шешімін бұзу өте қиын», – дейді жәбірленуші Ильшат Кензин.

Талқылау