Басқа қызды клипке түсірген Айқын Жұлдызды қызғандырып қойды (видео)
Соңғы кездері Айқынның әр клипі Жұлдыз Өмірғалидің қатысуынсыз шықпайтын болды! Дәл осындай пікірді Төлепбергеннің шығармашылығымен жете таныс тыңдармандары жиі айтып жүр. Елдің сөзіне Айқын өзге арумен клип түсіру арқылы жауап берсе керек, деп жазады Stan.kz.

Айқын бұл жолы Аделя есімді жас әншімен бірге дуэт жаздырып, бейнебаян түсірді. Романтикалық сюжетке арқау болған трек "Түндер" деп аталады.
Бейнебаянда Айқын сахналық жұбымен бірге билеп, құшақтасып, қысқасы махаббат көріністерін көрсетеді. Дәл осы жайт әншінің жұбайы Жұлдызға ұнамай қалса керек. Ол клиптің анонсы жарияланған постқа мұңайып тұрған "смайл" қалдырып кеткен.
Оған Айқынның оқырмандары: "Өзің біліп тидің ғой", "үшінші тоқал алып жүрмесе болғаны", - деген сынды пікірлер қалдырған.
Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.
Жаңа салық кодексі әлеуметтік кәсіпкерлерді жеңілдіктерден айырды – Тапсырыс жоқ, қарыз көбейді
Эмин Аскеров: "Қызметкерлердің тағы 10%-ын толық емес жұмыс күніне ауыстырдық"
Шетелдіктерге қазақ тілі тесті қаншалықты қиын: ВНЖ-ны кімдер ала алады?
Тест онлайн форматта ҚАЗТЕСТ жүйесі арқылы өткізіледі