Бас прокурор келер алдында Ақтөбе “сақалдылардан” тазартылды

Жұма, 30 Қыркүйек , 2016 11:13

Ақтөбенің орталық базарында мұздай қаруланған арнайы жасақ сақал қойған саудагерлердің бірін қалдырмай ұстап әкетті. Тәртіп сақшыларының бұл әрекетін көргендер тағы лаңкестер шабуыл жасады деп шошыпты. Бұл туралы КТК хабарлайды.

kazakh_police__090616

Бірақ бұл Астанадан Ақтөбеге бас прокурор бастаған 200 адамдық делегацияның келуі алдында жасалған арнайы шара екен. Құрамында тәртіпке жауапты министрліктер, дін және партия өкілдері бар арнайы штаб Ақтөбе облысында бір ай жұмыс істемек. Олар өңірді аралап, жастарды теріс ағымнан қайтару, жұмыспен қамту, тіпті кәсіп бастаймын дегендеріне несие беру жайын қарастырады.

Осылайша Ақтөбенің әлеуметтік-экономикалық жағдайын көтеруге атсалыспақ екен. Әйтпесе, қалада жұмыссыздық белең алып, ауыр қылмыстар да 18 пайызға артыпты. Теріс діни ағымда жүргендермен жұмыс өнбей жатыр. 5-ші маусымдағы лаңкестік әрекеттен кейін де базар ішінде теріс діни ағымдағылар азаймапты.

“Уахабистер көбейіп кетті ғой. Көбісі солар ғой сатып жаткан. Бұларға бір тыйым салса деймін. Ертеңгі күнде бұлар өршіп кетсе, бұл не болады? Бөлінеміз ғой онда мұсылмандар”, – дейді Ақтөбе қаласының тұрғыны Сыдық Сақтағанов.

Бұған дейін Ақтөбедегі орталық базар маңында күштік құрылым өкілдерінің белгісіз адамдар тобын ұстағандары туралы жазған болатынбыз.

Оқи отырыңыздар:

Мектеп мұғалімдері білім жүйесіндегі былықтарды ашық айта бастады (видео)

Алматы облысында үш ағайынды сиыр сатамын деп ажал құшқан базарда ұрлық өршіп тұр

Шариғатта пәктігінен айырылған қызға үйленуге бола ма?

Ауылдың бір қазағы 4800 адамға ұлан асыр той жасады (видео)

Тараздық сауатты көлік жүргізушісі өзіне салған айыппұлдан құтылып кетті

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

1
Комментариев
  • Анонимно says:

    Сақал осирсе бари террорист уахабиспа не

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
11.12.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар