Бас прокурор: Арнайы курстан өтпегендердің неке қиюына рұқсат бермеу керек

Жұма, 14 Сәуір , 2017 13:44

ҚР Бас прокуроры Жақып Асанов аталған курс кезінде жастар отбасының құндылықтарын жете түсінуі керектігін, арнайы курстан өтпегендерге неке қиюны рұқсат бермеу керектігін айтты, деп хабарлайды Қазақпарат.

pogudx6u6n4n4mttu.93c4e024

“Сүйдім-күйдім деген екі жас көп ұзамай үйленеді. Басында тамаша, кейін көңілдері қалып, дау-жанжалға, тіпті қол жұмсауға барады. Арты сот, балаларды бөліп алады, құдалардың арасы ашылады. Мүлікке талас басталады. Бүгінде ажырасу жағынан Қазақстан алғашқы жағымсыз ондықтың ішіне кіреді. Басты себеп, отбасы деген не, бақытты отбасының құпиясы неде екенін жастар біле бермейді. Сондықтан үйленемін деушілерге арналған міндетті курс, осыны ерекше атап өтемін, міндетті курс болуы қажет. Одан өтпесе, неке болмауы керек. Мұндай тәжірибе біраз елдерде бар. Мысалы, Сауд Арабиясында, Малайзияда, Италияда, Латвияда, айта берсе, ондай тізімнің шегі жоқ”, – деді Асанов бүгін тұрмыстық зорлық-зомбылыққа арналған жиында.

Жақып Асанов нақты статистиканы да атап өтті. Мәліметтерге сәйкес, елімізде әйел адамдарға қатысты қылмыстардың саны 90 пайызға өсті. Әрбір үшінші қылмыс отбасы жағдайында болды. Өткен жылы 36 әйел және бір бала қайтыс болса, 2 481 әйел мен 851 бала зорлық-зомбылықтың құрбанына айналды. 742 әйел мен кәмелеттік жасқа толмаған 175 жас өз-өзіне қол салды. Бас прокурордың ойынша, мектепте қажетсіз пәндердің орнына өмірге пайдалы білім беру керек.

Тағы да оқыңыз:

Бас прокурор: Әйелді ұратындарды қоғамдық жұмысқа салу керек

Өскеменде бизнесмен өз пәтерін тонап банктен ақша алмақшы болған

Қостанай тұрғыны қызын ренжіткен балабақшадан 100 мың теңге өндіріп алды

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

1
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
25.05.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар