Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бас прокуратура кәсіпкер Тоқмәдидің әйелінің мәлімдемесіне жауап берді

2017 жылдың 31 шілдесінде түрлі ғаламтор беттерінде Жәмила Айымбетова-Тоқмәди жұбайы Мұратхан Тоқмадиге Бас прокуратураның ведомствоаралық жедел-тергеу тобының тарапынан азаптау көрсетілді деген бейнешағымы жарияланды.

zhena-arestovannogo-tokmadi-sdelala-novoe-zayavlenie-49350-1

Аталған деректерді тексеру мақсатында Бас прокуратура жедел түрде тиісті шаралар қабылдады. Бұл туралы Бас прокуратураның желідегі парақшасында жарияланды.

2017 жылдың 31 шілдесінде Алматы қаласының ҰҚКД-нің Тергеу изоляторынан прокуратураға Тоқмади таңертенгі серуен барысында (серуендеу алаңында) турниктан құлағаны жайлы хабарлама түсті.

Күдіктінің адвокаттарының қатысуымен сот-медициналық және химия-токсикологиялық сараптамалар жүргізілді.

Нәтижесінде ағзада химиялық заттар табылған жоқ.

Ал сот-медициналық сараптама қорытындысы денедегі жарақаттар жоғарыда көрсетілген жағдайда пайда болғанын көрсетті.

Тоқмадидің турниктан құлау фактісі іс материалдарына қоса тіркелген бейне бақылау камераларының жазбасымен де дәлелденді. Оның үстіне Тоқмадидің өзі де, басқа да тергеу изоляторында қамалғандар да дене жарақатының алыну жолын растады.

Процессуалды прокурор күдіктімен әңгімелесу барысында МұратханТоқмадидің тарапынан ҰҚК-нің қызметкерлері үстіне қандай да бір шағым айтылған жоқ.

Айымбетова-Токмадидің бейнешағымында көрсетілген деректер өз дәлелін таппаған соң, прокуратура осы факті бойынша тексеру амалдары аяқталды.

Өз тарапынан Бас прокуратурасының ведомствоаралық жедел-тергеу тобы арыз иесіне күдіктінің өз еркімен турникте жаттығу жасау кезінде құлап дене жарақатын алған фактіні растайтын видеожазбаны көрсетуге дайын.

Тағы да оқыңыз:

Ресейлік турист Қазақстанның қонақжайлығын жоққа шығарды (видео)

Неміс жігіт костюмі мен ноутбугын арқалап күн сайын жұмысқа дейін жүзіп барады (видео)

Қостанайда есірткі мафиясын әйел адам басқарған

Талқылау