Бас прокуратура интернеттің бұғатталуына қатысты пікір білдірді
Қазақстанның Бас прокуратурасының қоғамдық мүдделерді қорғау қызметінің басшысы Сапарбек Нұрпейсіов елімізде интернет пен әлеуметтік желілердің бұғатталуына қатысты журналистердің сұрағына жауап берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігінің тілшісі.

Қазақстанда Бас прокуратура, Ұлттық қауіпсіздік комитеті, Ішкі істер министрлігі мен Қорғаныс министрлігі табиғи, техногендік және әлеуметтік сипаттағы төтенше жағдайлар кезінде желілер мен байланыс құралдарын уақытша тоқтатуға құқылы.
«Интернеттің бұғатталуына қатысты айтсақ, иә, осындай қаулы бар. Төрт органға белгілі бір өкілеттілік беріледі. Алайда Бас прокуратураға келсек, ол міндетті түрде белгілі уәкілетті органға өтініш білдіреді. Оның қай орган екенін білесіздер. Осы күндері Бас прокуратура мұндай өтініш білдірген жоқ», - дедйі Нұрпейісов.
Өз сөзінде ол болып жатқан оқиғаларға қатысты толық талдау жасалып жатқанын айтты. Сондай-ақ, интернетті бұғаттау үшін төтенше жағдай жарияланбағанын атап өтті.
1 қарашадан бастап Қазақстанда педиатрия бөлімшелер жабыла ма: Денсаулық сақтау министрлігі ата-аналарға жауап берді
Денсаулық сақтау басқармасы жалпы практика дәрігерлері, содан кейін керек болған жағдайда педиатр тексеретінін мәлімдеді.
Ұлттық қордан 6,5 триллион теңге алынса, Қазақстан экономикасына қалай әсер етеді
6,5 триллион теңге инфрақұрылымға жұмсалады: Бұл халықтың тұрмысын жақсарта ма?