Бас мүфти Ақтөбедегі оқиғаға байланысты пікірін білдірді (бейне)

Дүйсенбі, 6 Маусым , 2016 17:15

Қасиетті Рамазан айына санаулы ғана сағаттар қалған сәтте Ақтөбедегі қанды оқиға күллі қазақ жұртының жағасын ұстатты.

бас-муфтиии

Алла тағаланың рахымына ие болып, сансыз сауапқа кенелетін берекелі айдың берекесін қашырған қандықол қарақшылардың қылығы адамгершіліктен алыстап, мұсылмандығыңа пысқырмайтындардың тірлігі екенін айғақтайды. Бейбіт күнде қолына қару алып, қан төккен қаныпезерлердің әрекеті халық арасында қызу талқылану үстінде.

Жайбарақат күнде жай түсіргендей әсер еткен оқиғаға байланысты ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы бүгін Астана қаласындағы «Әзірет Сұлтан» мешітінде өткен тарауих намазы алдында өз пікірін білдірді, деп жазады muftyat.kz.  Шынайы мұсылманның өзгеге қолы түгілі, тілімен зиян тартқызбайтынын айтып өткен Бас мүфти нақақтан қаза тапқан жандардың отбасына көңіл айтып, сабырлық тіледі. Осынау қасиетті айда еліміз бен жеріміздің тыныштығынан айырып, дүрбелең туғызуды көздеген жат пиғылдардан сақтауын сұрап дұға етуге шақырды.

 

 

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
24.05.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар