Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бас мүфти Ақтөбеде мүгедек адамы бар отбасыға баспана сыйлады

Су тасқынынан үйі қираған әрі мүгедек адамы бар отбасыға “Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы асары” қоры қол ұшын созды.

2058066

Махамбет ауданындағы үйі қирап қалған тағы бір отбасы баспаналы болды, деп хабарлайды Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ресми сайты.

Бас Мүфти Ержан қажы Малғажыұлы Сағыныш Тобажановаға “Нұр Ақтөбе” ауданынан екі бөлмелі пәтердің кілтін табыс етті. Екі бөлмелі пәтер Маңғыстау, Оңтүстік, Батыс Қазақстан, Атырау, Қызылорда, Қостанай және Ақтөбедегі облыстық мешіттерде жиналған асар ақшасына сатып алынған. Еліміздің Бас мүфтиі Ержан қажы Малғажыұлы осы шаңырақта қонақ болып қайтыпты.

Тобажановтар әулеті тасқынға дейін Махамбет ауданында үш бөлмелі үйде тұрған. Баспананы су шайып, қирап қалды. Тұруға жарамсыз. Не жердің, не пәтердің кезегінде жоқ әрі мүгедек адамы бар отбасыға “Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы асары” қоры қол ұшын созды.

Айта кетейік, Ақтөбедегі су тасқыны кезінде 86 үй құлады. 65 адамға жер учаскесі берілді. Сегіз жанұя уақытша әлеуметтік жатақханаға орналастырылды. Екі отбасыға “Батыс-2” ауданынан, бесеуіне “Нұр Ақтөбе” ауданынан пәтер берілді. Тағы бір отбасыға мұғалжарлық кәсіпкер үй сыйлады.

Тағы да оқыңыз:

Қазақстанда ең көп жалақыны қай сала қызметкерлері алады

Қазақстанда пәтер алу үшін қанша жыл ақша жинау керек?

Министр зейнетақының үш кезеңде қалай және қаншаға өсірілетінін айтып берді

Талқылау