Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

“Барселона” ойыншысы Неймар “Ақтөбені” мерейтойымен құттықтады

Бразилия ұлттық құрамасы мен «Барселонаның» шабулшысы Неймар «Ақтөбе» футбол клубын 50 жылдық мерейтойымен құттықтады.

17-4

25 жастағы футболшымен оның отандасы әрі «Ақтөбенің» жаңа ойыншысы Витор Жуниор кездесті.

Команданың әлеуметтік желілердегі ресми парақшалары қазақстандық команданың жейдешесіне құттықтау сөздерін жазып, қолтаңбасын қойып бергенін хабарлады. Бұл жейде жақын арада ашылатын клубтың музейінде сақталады.

16-5

«Ақтөбе» футбол клубының музейінде әлемді өз өнерімен тәнті етіп жүрген талантты футболшының жейдешесі сақталатын болады. Неймар бұған дейін Қазақстан премьер-лигасы жайлы жақсы білмейтінін айтқанмен, алдағы уақытта біздің ұжымға, сондай-ақ досы Витор Жуниорға жанкүйерлік ететінін мәлімдеді», – деп жазды клубтың инстаграмдағы парақшасы.

Егемен Қазақстан 

Жіберіп алмаңыз:

АҚШ баскетболшысы Қазақстан туын денесіне салдырмақшы

Қазақстандық бойжеткен әлемдік жекпе-жек бойынша ең сексуалды спортшы атанды (фото)

Дастан Оразбеков қайда барса да жұбайын жанынан тастамайтын болған (фото)

Талқылау