Барселонада теракт болып, 18 елдің азаматтары зардап шекті
Барселонада теракт болды. Қала орталығында шағын автобус жаяу жүргіншілерді қағып кетті, салдарынан кемі 13 адам ажал құшты. Зардап шеккендер арасында 18 елдің азаматтары бар.

Бұл туралы ТАСС хабарлады.
Басылымның хабарлауынша, жергілікті уақыт бойынша сағат 01:00-ге дейін Франция, Германия, Испания, Нидерланды, Аргентина, Венесуэла, Бельгия, Австралия, Венгрия, Перу, Солтүстік Ирландия, Греция, Куба, Македония, Қытай, Италия, Румыния және Алжир елінен келген азаматтардың зардап шеккені анықталды.
Теракттан жалпы саны 100-ден аса адам зардап шеккен. Ал Испанияда алдағы үш күн қаралы күн деп жарияланды.
Айта кетейік, терактты ұйымдастырушылардың бірі полициямен болған атыс кезінде көз жұмды. Тағы бір қылмыскер іздестірілуде.
Оқи отырыңыз:
52 жастағы ер адам өз жүрегіне 9 сантиметрлік шеге тығып алды
Қынадан сақ болыңыз: Татуировка жасатқан қыздың ата-анасы жұртқа жан айқайын жеткізді
Қазақстандық ер адам егіз қызы мен ұлын зорлады деп айыпталды: Анасы бірнеше жылдан бері әділдікке жете алмай жүр
Қылмыстық іс 6 рет тоқтатылған екен
"Көзқарастары ескі, жас мамандарды төмендетеді": Қазақстандық жас мұғалімдер үлкен буынмен жұмыс істеудің қиындығын айтты
Ал көпжылдық тәжірибесі бар мұғалімдер зейнет жас мәселесін қайта қарастырсын дейді