Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

“Барселона” мен “Арсенал” командаларында ойнаған футболшы “Қайратқа” келуі мүмкін

Барселона» мен «Арсенал» командаларында ойнаған Беларусь футболының жұлдызы Александр Глеб «Қайратқа» келіп, жаттығу өткізуі мүмкін.

Бұл туралы «SPORTINFORM» САА-ге сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

6 наурызда қазақстандық БАҚ-та Александр Глебтің елімізге келгені хабарланған еді.

Спортшы кешке Қайрат Боранбаевпен келіссөз жүргізген. Ал таңертең клубтың базасында болып, команданың формасын алған. Тіпті клубтың асханасында таңғы ас ішіпті. Футболшы кешке командамен бірге жаттығуға қатысу мүмкін.

Дей тұрғанмен Беларусь футболының жұлдызымен келісім шарт жасалған туралы мәлімет тараған жоқ.

Бұл жолы да Андрей Аршавинмен жасалған шарт сценарийі қайталауы мүмкін. Яғни спортшыға бір ай сынақ мерзімі берілуі ықтимал.

Оқи отырыңыз:

Головкин допинг сынамасынан қалай өтетіні туралы айтып берді

Қазақстан құрамасының дәрігері допингке жол берді деп айыпталуда

ШҚО-да қариялар бата беріп жарысты

Теміртауда келіншек 3 жасар сіңлісін төсекте қансырап жатқан жерінен тауып алған (видео)

Талқылау