Барлығы 10 адам: Нұр-Сұлтанда тағы 4 адам торттан уланып ауруханаға түсті
Нұр-Сұлтан қаласының қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәдуақас Байғабылов "Happy Cake" тортымен тағы 4 адам уланғанын мәлімдеді.
Ведомствоның баспасөз қызметінің мәліметінше, "Happy Cake" тортынан уланған науқастар жұқпалы ауруханаға келіп жатыр.
"Птичье молоко" тортын жеу салдарынан ішек инфекциясының төрт жаңа ісі тіркелді", - деді Сәдуақас Байғабылов.
"17 сәуірде үш зардап шегушінің іші ауырып, жүрек айнып, құсып, диареямен ауырды. Бұл жағдайда дәрігерлік амбулаторияда емделеді", - деді ол.
Қазіргі уақытта зардап шеккендердің саны 10 адам, соның ішінде 9 ересек, 1 жас бала. 8 стационарда, 2 амбулаториялық стационара емдеу жүргізеді.
Қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің мәліметі бойынша, азық-түлік улануының алғашқы белгілері микроорганизмнің түріне және таралуына байланысты сапасыз өнім тұтынылған сәттен бастап бірнеше сағаттан 7 күнге дейін (инкубациялық кезең) пайда болуы мүмкін.
"Осыған байланысты, өз үйінде емделген науқастар денсаулық жағдайы жақсармағандықтан, жедел жәрдеммен ауруханаға жеткізілді. Осы аптаның соңына дейін біз тағы басқа уланған науқастарды анықтайыз", - деп қорытындылады Сәдуақас Байғабылов.
Естеріңізге сала кетейік, Нұр-Сұлтанда бес адам уланып, ауруханаға түскен еді. Олар "Птичье молоко" тортын жеген соң денсаулығы нашарлағанын айтты.

"Мәһрге наубайхана ашып беруді сұрадым": Египеттік жігітке тұрмысқа шыққан қазақ қызының тойы желіде қызу талқыға түсті
