Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Оқушының маңдайынан шерткен мектеп директорына қатысты іс қозғалды

Алматы облысының, Кербұлақ ауданына қарасты Байғазы ауылының мектеп директорын оқушының маңдайынан шерткені үшін қызметінен ғана емес, педагогтік лауазымынан да айыруы мүмкін. Қазір полицейлер істің ақ-қарасын анықтап жатыр.

51eb2770ef1dcc7f5c15b9577ce4588c

Бұл туралы Экспресс К хабарлайды.

Бұл тұрғыда ауыл тұрғындарының пікірі екіге бөлінген: олардың бірі директорды ақтаса, екіншісі оның әрекетін құптамайтындарын айтады.

Оқиғаға оқушылардың мектеп басшылығының рұқсатынсыз өз көліктерін айдап демалуға шығуы себеп болған. Осыдан кейін мектеп басшысы Нұрдәулет Омаров 12 мамыр күні оқушыларды жинап алып ұрысқан. Директор 7-сынып оқушысы Жорас Ақан есімді оқушының маңдайынан шертіп қалған. Ертесі күні оқушының анасы келіп, ұлын ұрды деп полицияға арызданған.

Байғазы ауылында 70 шаруа ғана тұрады. Олардың бәрі бір-бірін жақсы танып қана қоймай, көбі туыстық қатынаста. Тұрғындар арасында сол ауылға жақын маңдағы Шоқан ауылында болған қайғылы жағдайды білетін болған соң, мектеп директорының ісін дұрысқа балайтындар да табылды. Бірнеше жыл бұрын осы аудандағы Шоқан ауылына оқушылар мінген трактор аударылып, бір бала қаза тапқан еді.

Мектеп директорының әрекеті бойынша полицейлер «Бұзақылық» бабымен қылмыстық іс қозғады. Ауданда жыл басынан бері кәмілеттік жасқа толмағандарға қатысты 77 іс тіркелген. Алайда, педагог айыпталған іс алғаш рет болып отыр.

Лариса Штоппель

Жіберіп алмаңыз:

ШҚО-да оқушыларды жыныстық қатынасқа итермелеген мектеп директоры сотталды

Талқылау