Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Бәріміздің жүрегімізді елжіретті": Имашев пен Тұрсынбаева бастаған айтыскерлер көпбалалы отбасыға үй алып берді (видео)

Талдықорғанда «Ұлы дала ән мен жыры, Ақындықтың жеті қыры» кеші өтті. Кешке қатысқан айтыскерлер концерттен түскен қаржыға алты балалы отбасыға үй алып берді. Баспанасыз тауқымет кешіп жүрген отбасының пәтер кілтін алғандағы қуанышы көпшіліктің жүрегін елжіретті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

"Бәріміздің жүрегімізді елжіретті": Имашев пен Тұрсынбаева бастаған айтыскерлер көпбалалы отбасыға үй алып берді (видео)

Концертті ұйымдастырушылардың сөзінше, олар мерекелік кештің алдында Талдықорған қаласының әкімдігі және мешіттің бас имамымен кездесіп, айтыстан сатылған билеттің ақшасына, қайырымдылық ретінде пәтер сыйлаймыз деген шешім қабылдаған.

Кешке Балғынбек Имашев, Айнұр Тұрсынбаева, Жандарбек Бұлғақов, Сара Тоқтамысова сынды танымал айтыскерлер қатысқан. Көпбалалы отбасыға баспананың кілтін Айнұр Тұрсынбаева табыстады. Қуанышын жасыра алмаған отбасы сол жерде көз жасына ерік берді. 

 

Айнұр Тұрсынбаева Instagram желісіндегі жазбасында баспананың алты балалы отбасыға берілгенін атап өтті. 

«Концерттен түскен қаражатқа 6 баламен баспанасыз қиналып жүрген отбасыға баспана алып бердік. Беріп жатқан сәттегі риза болып жылаған ананың көз жасы бәріміздің жүрегімізді елжіретті. Бәрінен де қуанғаннан әкесін құшақтап жылаған кішкентай ұлдың көз жасына бей-жай қарау мүмкін емес еді...», - деп жазды Тұрсынбаева. 

Сонымен қатар айтыскер бұл үрдістің барлық облыста жалғасын табатынын айтты. 
 

Талқылау