Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бәрібір сүйемін: Ер адам көзіне шөп салып, өзін өлтірмек болған әйелін кешіріп, босағанын күтуде

32 жастағы Хейли Уизерал күйеуі Рэйдің ауыр дертке шалдыққанын біліп, өзге ер адаммен көңіл жарастырып, онымен бірге өз күйеуін өлтірмек болған. Ер адам бетіне атылған оқтан кейін әрең дегенде аман қалды. Алайда ол жұбайын әлі де сүйеді.

Бәрі бір сүйемін: Ер адам көзіне шөп салып, өзін өлтірмек болған әйелін кешіріп, босағанын күтуде

Бұл туралы The Sun басылымына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

53 жастағы Рэй Уизералл мидың қатерлі ісігіне шалдыққан. Мұны білген әйелі Хейли оның жақын досы Гленн Поллардпен кездесе бастайды. Ол көңілдесін Рэйді өлтіруге көндірген. Гленн оның бұл ойымен келіскенімен, өзі оқ атудан бас тартты. Нәтижесінде Гленнің 19 жастағы қызы Рэйдің бетіне оқ атқан. Мұнан кейін қылмысқа қатысы бар үшеуі де 15 жылға бас бостандығынан айырылды.

Ал Рэй Уизералл оқиғадан кейін әрең аман қалды. Ол болған жайтқа қарамастан әйелін кешірді. Ер адам соттың шешімінен кейін үкімнің өте ауыр екенін айтқан. Ендігі ол түрмедегі әйеліне үнемі барып тұрады.

Бәрі бір сүйемін: Ер адам көзіне шөп салып, өзін өлтірмек болған әйелін кешіріп, босағанын күтуде

«Мен оның әйелімнің басын айналдырып алғанына сенемін. Ол әйелімді қалады. Ол 20 жылдан астам уақыт бойы ең жақсы досым болды. Алайда ол – ең лас, жиіркенішті, нашар адам. Неліктен олар жай ғана маған келіп, араларында қарым-қатынас барын айтпады?» – дейді Рэй Уизералл.

Таяуда Рэй түрмедегі жұбайына келіп, үйленгендеріне бір жыл толғанын атап өткен. Бұл орайда әйелі де мерекелік құттықтау қағазын дайындап, онда күйеуіне деген махаббатын жазған. Әйелдің сөзінше, күйеуі мен балалары – өзі үшін ең маңызды құндылықтар. Соларды ғана шынымен жақсы көремін, деп жазған Хейли.

Бәрі бір сүйемін: Ер адам көзіне шөп салып, өзін өлтірмек болған әйелін кешіріп, босағанын күтуде

Ал Рэйдің өзі әйелінің үйіне қайтып келгенін қалайды. Алайда әйелі шартты түрде ерте босап шықса да, Рэйдің ол уақытқа дейін өмір сүретіні екіталай.

«Оның үйге қайтып келгенін жан-тәніммен қалаймын. Алайда көзім тірісінде қайтып келмейтінін білемін», – дейді Рэй.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау