Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Барахолкадағы өрт салдарынан сатушылардың тауарлары түгі қалмай өртеніп кеткен

Бүгін Алматыдағы барахолкада тағы да өрт шықты. «Адем» сауда орталығының артындағы қоймалар өртеніп, саудагерлердің тауары түгі қалмай өртеніп кетті. Әзірге тілсіз жауға не себеп болғаны белгісіз болып отыр, деп хабарлайды КТК арнасына сілтеме жасап Stan.kz.

Барахолкадағы өрт салдарынан сатушылардың тауарлары түгі қалмай өртеніп кеткен

Шаһардағы қара базарда шыққан өрт 3 000 шақырым аумақты шарпыған. Салдарынан саудагерлер қоймадағы тауарынан айырылды. Өртке оранған ғимаратта тауармен қоса,  бірнеше кеңсе болыпты. Қызыл жалынды сөндіруге 78 өрт сөндіруші, 21 техника жұмылдырылған.

«5 минут аралығында өрт сарбаздары айтылған орынға жетті. Бұл қоймалардың барахолкаға ешқандай қатысы жоқ», – дейді Алматы қаласы ТЖД ресми өкілі Сандуғаш Баймұхамбетова.

Белгілі болғандай, өртке оранған қоймада түрлі теxника, азық-түлік және бірнеше кеңсе болыпты.

Оқиға орнында болғандардың сөзінше, өрт бірінші кеңседен шыққан.

«Балалар жүгіріп келді. Бірінші кеңсе өртеніп жатқанын айтты. Сонан кейін қарасақ, қойма өртеніп жатыр екен. Өрт сөндіргіш  алып өшірейік дедік. Алайда кеш болып қалды», – дейді қойма қызметкері Ерлан Жорабайұлы.

Ал тілсіз жаудың салдарынан тауарынан айырылғандар кімнен көмек сұрайтынын білмей отыр.

Ал өртеніп кеткен қойманың басшысы төтенше жағдай болған жерге келмеді.

Қазіргі уақытта өрттің  себебі мен келген шығын көлемі анықталып жатыр.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау